top of page
Search

Марғұлан университетіне Дрезден университетінің делегация келді

Марғұлан университетіне профессор Холгер Куссе бастаған Дрезден университетінің (Германия) делегациясы келді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Германиядан келген қонақтарды университеттің академиялық мәселелр жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко неміс тілінде қарсы алып, бірлескен ынтымақтастықтары үшін алғысын білдірді.

«Профессор Холгер Куссе мен Дрезден университетінің студенттерін қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз! Бізді өте тығыз тарихи-мәдени байланыстар біріктіреді. Әріптестерімді «Даналық тілдері» монографиясының тұсаукесерімен құттықтаймын. Бұл баршамыз үшін айтулы оқиға, достығымыз бен ортақ ғылымымыздың символы. Баршаңызға жемісті еңбек және қызықты оқиғалар тілеймін!», - деді Ольга Константиновна.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімова құттықтау сөзінде Германиядан келген құрметті қонақтарды қонақжай қазақ жерінде қарсы алғанына қуанышты екенін айтты.

«Ата-анасы Қазақстанда өскен студенттерді көргеніме өте қуаныштымын. Біздің мәдениет сіздерге жақын және таныс деп ойлаймын. Мен профессор Холгер Куссеге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Мемлекеттер арасында кейде орын алатын бюрократиялық кедергілерге қарамастан, сіз өз салаңыздың жанашыры, жоғары білікті маман ретінде білім мен мәдени көпірлерді орнатуға көп күш салып жатырсыз», - деді Анар Еркенқызы.

Профессор Холгер Куссе әріптестеріне қонақжайлығы үшін шын жүректен алғыс білдірді. Дрезден университетінің студенттері мен магистранттары Германиядағы білім беру жүйесі, еуропалық тілдер, университеттің білім беру бағдарламалары туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Олар Германия, қаланың көрікті жерлері, неміс фольклоры мен салт-дәстүрлері туралы презентациялар жасады.


Филология ғылымдарының докторы, профессор Зифа Темірғазинаның айтуынша, Дрезден университетінің Славянтану институтының директоры, профессор Холгер Куссемен тығыз ынтымақтастық бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Бұл Эразмус+ бағдарламасы бойынша бірлескен іс-шаралар, ұжымдық монография жазу және т.б. Бұл жолы кездесу академиялық алмасу мақсатында ұйымдастырылды.


Сондай-ақ неміс студенттері Баянауыл ұлттық саябағын, Павлодар мұражайларын аралап, Ертіс жағасындағы қаланың басқа да көрікті жерлерімен танысты.2023 жылғы 5-30 маусым аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.


Студенттер мамандықтарына байланысты Мәжіліс Аппаратының бөлімдеріне барып, Парламенттің жұмысымен, құрылымымен танысып, кәсіби құзыреттіліктерін арттырады.


Өндірістік тәжірибе студенттерге кәсіби өсуге, жеке құндылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді, үйреншікті теорияны тәжірибелік жағдайларда қолдану және болашақ мансаптарымен байланысты ережелер мен міндеттемелерді игеруге үлкен септігін тигізеді.


Өндірістік тәжірибе оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін өте маңызды.






bottom of page