top of page
Search

Назарбаев университетінде Азия университеттері альянсы (AUA) Президенттер форумы өтті

Азияның жетекші жоо ректорлары Азия университеттері альянсының президенттер форумында жоғары білімнің негізгі мәселелерін талқылады. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Назарбаев университетінде Азия университеттері альянсы (AUA) «Қарқынды өзгеріп жатқан Азиядағы жоғары білімді қалыптастыру: құру, интеграция және инновациялар» атты Президенттер форумы өтті.


Форумға Альянсқа мүше 15 елдің, соның ішінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші университеттерінің басшылары қатысты.

Форумның ашылу салтанатында қатысушыларды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – Назарбаев Университеті Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әлихан Смайылов құттықтады. Ол форумды жоғары білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға, ортақ көзқарасты дамытуға және Альянс аясында одан әрі жемісті өзара әрекеттесу үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға тамаша алаң деп атады.

Жоғары білімнің міндеттеріне арналған панельдік сессияда сөз сөйлеген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттерді заманауи үдерістермен бірдей жылдамдықпен дамытудың маңыздылығын айтты.

Мысал ретінде ол соңғы онжылдықтарда әлемнің әртүрлі бөліктерінде пайда болған «жеделдетілген университеттерді» келтірді.

Бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында жомарт қаржыландыру мен инновациялық идеялардың арқасында қысқа мерзімде әсерлі нәтижелерге қол жеткізетін жас зерттеу университеттері.

«Менің ойымша, Азиядағы білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі «жеделдетілген университеттер» моделі болып табылады. Олар мемлекет тарапынан ресурстарды құю, таланттарды тарту арқылы дамиды, сондай-ақ Батыс немесе ежелгі, дәстүрлі университеттер ғасырлар бойы жүріп өткен жолды жеделдетеді. Назарбаев Университеті бүгінде өз жемісін беріп жатқан осындай жедел дамудың тамаша үлгісі болып табылады. Басқа мысал келтірсек, Кореяның UNIST университеті мен басқа да Азия университеттерін атауға болады. Азиядағы зерттеу университеттері зерттеулер мен сапалы оқытуды үйлестіре отырып, өте мықты бола алады», - деді Саясат Нұрбек.

AUA 2023 форум сессияларының соңында Альянс мүшелері серіктестікті нығайту, академиялық жетістіктер мен инновацияларды ілгерілету арқылы Азиядағы жоғары білім сапасын одан әрі жақсартуға келісті.



bottom of page