top of page
Search

Оқу-ағарту министрлігінің әдістемелік ұсыныстары бәсекелестікке қарсы деп танылды

Оқу-ағарту министрлігінің әдістемелік ұсыныстары бәсекелестікке қарсы деп танылды. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Білім министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қатысты тергеп-тексеру жүргізді. Оның қорытындысында Министрлікке қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды.


Атап айтқанда, Министрлік, білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітіп, оған сәйкес сабақтарды «BilimLand», «Kundelik.kz», «Дарын.online» интернет-платформасы арқылы өткізу ұсынған.


Осылайша, ақпараттық платформаларға қол жеткізу бойынша жоғарыда аталған компанияларға негізсіз артық мүмкіншіліктер беріліп, аталмыш қызметті көрсететін өзге компаниялардың бәсекелестік жағдайын шектеген.


Мұндай актілерді қабылдау, Кәсіпкерлік кодекстің 194-бабына сәйкес тыйым салынады.

Қазіргі уақытта БҚДА нұсқамасын орындап, Министрлік әдістемелік ұсынымдардың күшін жойды.



bottom of page