top of page
Search

Педагогтар ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алады

Биылғы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірінен 10 000-нан астам педагог Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алады, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды..


Бұл бастама балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамытумен қатар, позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуда отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған.


Курс қорытындысы бойынша әрбір курс тыңдаушысы өзінің білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін жобалау бойынша кәсіби құзыреттілігінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін қорытындылау жұмысын қорғайды.



















bottom of page