top of page
Search

Республикалық «IQ-АЛАМАН» интеллектуалды сайысы өтті

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінде Республикалық «IQ-АЛАМАН» интеллектуалды сайысы өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының ұйымдастыруымен «В011- Информатика мұғалімдерін даярлау» және «В057 Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша ЖОО студенттері арасында Республикалық «IQ-АЛАМАН 2023» интеллектуалды сайысы болып өтті.


Сайысқа Алматы, Тараз, Қызылорда және Атырау қаласының жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 8 команда қатысты.


Сайыс қорытындысы бойынша, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «АУЭС 200» командасы 1-орын, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің келген «Roboimaq» командасы 2-орын, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Интеллект» командасы 3-орын, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Abai Team» командасы 3-орын иеленді.


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 1-орын иеленген командаға 150 000 теңге, 2-орын иеленген командаға 100 000 теңге және 3-орын иеленген екі командаға 50 000 теңгеден қаржылай сыйлықтар тағайындады.



bottom of page