top of page

Тәжік аграрлық университетінің өкілдері ҚАТЗУ-ға келді

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Шириншо Шотемур атындағы Тәжік аграрлық университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Жүздесу барысында тараптар аграрлық білім, ғылым және кадр даярлау салаларындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.


Тәжік аграрлық университетінің өкілдері ҚАТЗУ-ға келді

Делегация құрамында Шириншо Шотемур атындағы Тәжік аграрлық университетінің ректоры Усмон Мамур Махмадерзода және мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы және омарта шаруашылығы басқармасының басшысы Убайдулло Хабибов болды.


ҚАТЗУ тарапынан кездесуге Басқарма мүшесі – Provost Роза Әбішева, Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры Эльмира Утеубаева, сондай-ақ университеттің құрылымдық бөлімшелерінің директорлары мен қызметкерлері қатысты.


Кездесу барысында аграрлық жоғары оқу орындары арасындағы академиялық және ғылыми байланысты дамыту, тәжірибе алмасу, бірлескен бастамаларды іске асыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен үшін білікті мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейту мүмкіндіктерін жан-жақты саралап, талқылады.


Сапар аясында қонақтар Seifullin University Агротехнопаркіне арнайы ат басын бұрып, оның қызметімен, инфрақұрылымымен және ғылыми әзірлемелерді агроөнеркәсіптік кешенге енгізу мүмкіндіктерімен танысты. Делегацияға қолданбалы ғылымды, инновацияларды және аграрлық саладағы технологиялық шешімдерді дамытуға бағытталған Агротехнопарктің негізгі жұмыс бағыттары таныстырылды.


Кездесу ҚАТЗУ мен Шириншо Шотемур атындағы Тәжік аграрлық университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және алдағы академиялық әрі ғылыми өзара іс-қимылды дамытуға мүмкіндік берді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page