top of page
Search

ХІІ Жазғы Универсиада-2023 Ақтау қаласында өтпек

ХІІ Жазғы Универсиада-2023 Ақтау қаласында өтпек. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Yessenov University ұйымдастыруымен алғаш рет Ақтау қаласында 24 мамыр – 24 маусым аралығында ХІІ жазғы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің Универсиадасы өтеді.


Ұйымдастырушы университет Президенті Б.Б. Ахметовтың айтуынша, бұрынғы универсиадалар спорт түрлері бойынша үш-төрт қаланы қамтитын болса, Aqtau-2023 универсиадасында 17 спорт түрінен 20 жарыстың бәрі Ақтауда қаласында өтеді.


Сондай-ақ алдыңғы универсиада бағдарламасында 30-дан аса спорт түрі болса, қазіргі таңда олар 17-ге дейін ықшамдалып, ең негізгі спорт түрлері ғана таңдалған.

Яғни университеттердегі спортшылардың көп айналысатын спорт түрлерінің бейініне қарай, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесе отырып, Дүниежүзілік универсиаданың бағдарламасына басымдық беріліген.


Жарыс түрлерін ұйымдастыру бойынша: Самбо, грек-рим күресі, дзюдо және еркін күрес, жеңіл атлетика түрлері «Маңғыстау-Арена» спорт сарайында өтеді. Баскетбол, волейбол, футзал мен бокс «Халық-Арена» спорт сарайында өтеді.

Бұл орталықта теннис және бадментон сайыстарын ұйымдастыруға да мүмкіндік бар. «Арыстан-Арена» спорт кешенінде жүзу, ал қалған спорт түрлері Yessenov Sport Club студенттік кешенінде өтеді.


Универсиаданың ашылу салтанаты 5 маусым күні «Мұнайшы» стадионында және жабылу салтанаты 24 маусым күні «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтеді.




bottom of page