top of page

Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық олимпиадаға қатысуда

Колумбияның Букараманга қаласында мектеп оқушылары арасында физикадан 56-шы Халықаралық олимпиада (International Physics Olympiad, IPhO 2026) өтуде, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі саналатын олимпиада 4-12 шілде аралығында ұйымдастырылып, биыл оған 90 елден 400-ден астам үздік жас физик қатысуда.


Олимпиада аясында қатысушылар теориялық және эксперименттік кезеңдерден өтіп, күрделі физикалық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындайды.


Оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша жасақталған Қазақстан ұлттық құрамасының сапына бес оқушы енді.


Олар:

Әмірбек Азатбеков - Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;

Ілияс Қазымбек - Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы;

Нұргүл Егенбергенова - Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

Роман Черемнов - Астана қаласы Нұра ауданындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

Дамир Құрман - Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.


Ұлттық құраманың жетекшілері:

Самат Мақсұтов - PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;

Әлішер Еркебаев - физикадан халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.


Анықтама үшін: Физикадан халықаралық олимпиада 1967 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан IPhO олимпиадасына 1997 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. 2025 жылы ұлттық құрама 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page