top of page

Қазақстандық оқушылар географиядан Халықаралық олимпиадада тарихи жетістікке қол жеткізді

Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI жалғасуда. Бүгін Таиландта география пәнінен IGeO–2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


5 медалей на IGeO-2025 взяли казахстанские школьники

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ел тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізіп, екі алтын, екі күміс қанжығалады.


Алтын – Талғат Байбусынов, Қарағанды облысындағы НЗМ, 12-сынып

Алтын – Андрей Енбахтов, Қостанай облысындағы НЗМ, 10-сынып

Күміс – Болат Ақжол, Жетісу облысындағы НЗМ, 12-сынып

Күміс – Әлихан Қалмағамбетов, Ақтөбе облысындағы НЗМ, 12-сынып


Команда жетекшілері: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2-курс студенті Рустам Валеев және халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Абай Дүйсен.

Айта кетейік, Қазақстан IGeO олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық оқушылар 5 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған. Жеңімпаздарды, олардың жетекшілерін және ата-аналарын зор жетістігімен құттықтаймыз! Бұл – еліміздің халықаралық беделіне қосылған сүбелі үлес.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page