top of page
Search

Қытай көлік колледждерінің түлектері Қазақстанда жоғары білім алады

Қытай көлік колледждерінің түлектері Қазақстанда жоғары білім алады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау нәтижесінде Логистика және Көлік Академиясы мен Нанкин Көлік Технологиялары Кәсіптік Институты арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

Нанкин Көлік Технологиялары Кәсіптік Институты - Қытайдың Цзянсу провинциясының Көлік Департаментінің қарамағындағы мемлекеттік институт. Институттың 6 факультетінде 10 000-нан астам студент оқиды.

Аталған Келісім шеңберінде Қытайдың көлік колледждерінің түлектерін Қазақстанның бейінді көліктік жоғары оқу орыны - Логистика және Көлік Академиясында бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту көзделеді.

Тараптар көлік және логистика саласы үшін мамандарды бірлесіп даярлау, профессорлық-оқытушы құраммен және білім алушылармен академиялық алмасу, жазғы және қысқы мектептерді ұйымдастыру-өткізу және көлік, теміржол машиналарын жасаудағы инновациялық технологиялар трансферті туралы уағдаласты.




bottom of page