Әуе қатынастарының торабында: Қазақстан – транзиттік және өсу хабы
- Редакция "СО"

- Oct 7
- 2 min read
Қазақстан Орталық Азияның іргелі авиациялық хабыға айналу үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Алайда бұл үшін - инфрақұрылымды модернизациялаудан бастап транзиттік мүмкіндіктерді жүйелі талдауға және жүк пен жолаушылар тасымалына сұранысты ынталандыруға дейін кешенді даму қажет.

VIII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумы New Silk Way аясында «Болашақ авиациясы: тұрақтылық, цифрландыру және ғаламдық тізбектерге интеграция» тақырыбында негізгі панельдік сессия өтті. Онда авиация саласының өкілдері Қазақстан мен аймақтағы әуе тасымалының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Сессия барысында негізгі көтерілген мәселлердің бірі — елдің әуе кеңістігін қалай тиімді пайдалу болды. IEC International серіктесі Павел Чистяковтың айтуынша, Қазақстан аумағының үстінен күніне 200-ден астам ұшақ өтеді. Бірақ олардың басым бөлігі Қазақстан инфрақұрылымымен еш байланыспайды.
«Осы рейстердің қайсысы жүк тасымалы, қайсысы біздің әуежайларда техникалық қонуға мүмкін ала алатындығын анықтау қажет. Бұл — логистика үшін табыс пен даму көзі», — деп баса айтты маман.
Бірақ осы рейстерге тоқтап, қызмет көрсету үшін авиациялық жанармайдың жеткілікті болуы, заманауи әуежай инфрақұрылымы және теміржол байланыстарының болуы сынды негізгі мәселелерді шешу қажет: Қазір елімізде мұндай талаптарға сай тек екі әуежай бар.
Форумның маңызды оқиғаларының бірі – Достық – Мойынты теміржол желісінің екінші желісінің ресми ашылуы болды. 836 км ұзындықтағы жаңа бағыт Қытаймен байланысуды нығайтып, көлік дәлізінің өткізу қабілетін едәуір арттырады.
«Біз шынайы маңызды инфрақұрылымның іске қосылуына куә болудамыз. Бұл елдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, Қазақстанның барлық көлік жүйесінің тиімділігін арттырады», - деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның маңыздылығын атап өтті.
Әуе кеңістігіндегі белсенді транзитке қарамастан, елде жүк авиациясы әлі толық жетілмеген. Мамандар ішкі және шетелдік бағыттарға қызмет көрсететін арнайы жүк әуекомпаниясын құруды ұсынды.
«Не тасымалдау керек екенін және қайда жеткізу қажет екенін білу маңызды. Жүйесіз логистиканы құру қиын. Ал сұраныс болғанның өзінде, жанармай мен инфрақұрылымсыз жұмыс жасау мүмкін емес», — деген ой талқылау барысында айтылды.
Аймақтық авиация мен туризмді дамыту маңыздылығы туралы Ақтау әуежайының бас директоры Меруерт Жолдыбаева атап өтті. Оның пікірінше, аймақтық әуежайлардың маңызын арттыру үшін, әсіресе батыс өңірде туризмді дамыту қажет.
Ұқсас пікірді Қырғызстанның Aero Nomad авиакомпаниясының бас директоры Тимур Аралбаев білдірді. Ол Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы туристік ағындарды арттыру үшін екі елдің қалалары арасындағы әуе қатынасын ұлғайту қажет екенін атап өтті. Бұл аймақтық әуежайларға қосымша жүктеме әкеліп, оларды дамуға итермелейді.
Қазақстанды авиациялық хабқа айналдырудағы табысты трансформацияның негізгі факторларының бірі – кадрлық қамтамасыз ету. Авиация және логистика саласының қарқынды дамуы жағдайында білікті мамандарға: ұшқыштарға, авиаинженерлерге, диспетчерлерге, логистерге, цифрлық платформалар бойынша IT-мамандарға және жүк тасымалдау операторларына сұраныс артып келеді. Білікті кадрларсыз авиация саласының тұрақты өсімін қамтамасыз ету мүмкін емес екенін ұмытпауымыз керек. Цифрландыру мен заманауи технологияларды енгізу жағдайында бұл шешімдерді әзірлейтін, енгізетін және сүйемелдейтін мамандардың болуы ерекше маңызды. Осы саладағы мамандарды даярлаудың негізгі орталықтарының бірі – Қазақстанның Азаматтық Авиация Академиясы. Академия білім беру бағдарламаларын жаңғырту, халықаралық стандарттарды енгізу және шетелдік авиациялық оқу орталықтарымен ынтымақтастық бағытында белсенді жұмыс атқаруда. 2000 жылдан бері Академия қабырғасынан 12 000-нан астам маман түлеп шығып, бүгінде Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де азаматтық авиацияның дамуына өз үлесін қосып келеді.
Сонымен қорыта келгенде, Қазақстан стратегиялық орналасуы мен жоғары транзиттік әлеуетке ие. Алайда толыққанды авиациялық және логистикалық хабқа айналу үшін алдымен өз әуе кеңістігін тиімді пайдалану мүмкіндіктерін жан-жақты талдап, зерттеу қажет. Сонымен қатар:
әуежай инфрақұрылымын кеңейту мен жаңарту қажет;
авиациялық жанармайды тұрақты жеткізу маңызды;
жүк авиациясын дамытуға жағдай жасау керек;
туристік бағыттар мен халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру керек.



Comments