top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, +7 727 327 12 87, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ штаб-пәтерінде әлемдегі ТОП-3 инноватордың қатарына енді
Алматы қаласындағы №79 гимназияның 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек жаһандық су тапшылығы мәселесін шешудің жолын тапты. Оқушы соңғы екі жылда қазақстандық білім беру саласының әлемдік аренадағы нағыз елшісіне айналды. Оның жобалары мектеп бағдарламасының шеңберінен шығып, халықаралық ұйымдардың қызығушылығын тудырып отыр. 2024-2025 жылдары Дана Қадырбек Kazakhstan Smart Space атты ғарыштық технологиялар бойынша халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болып, инженерия сал


Жетісу университетінде «Жас Қыран – 2026» патриоттық сайысы өтті
Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жас Қыран – 2026» әскери-патриоттық ойыны өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған іс-шараға Жетісу облысы бойынша колледждер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 12 команда қатысты. Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев шараның ашылу салтанатында әскери-патриоттық


Өңірлерді біріктірген бастама: Serpin Way 2.0 болашаққа жол ашады
Қозыбаев университетінің командасы Петропавлдан оңтүстік облыстарға дейін және кері бағытта 6800 шақырымды еңсеріп, «SERPIN WAY 2.0» сапарын аяқтады. Ауқымды жоба аймақтар мен қалаларды, алыстағы ауылдарды біріктіріп, 31 наурыздан бастап оқытушылар, студенттер, Мансап орталығының сарапшылары кіретін 24 адамнан тұратын команда маңызды кездесулер өткізді. Керуен бағыты Қазақстанның жеті облысы (Қарағанды, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе) арқылы өтті. Ко


Қызылордалық жас химик Менделеев халықаралық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды
Қызылорда облыстық Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында алтын медаль иегері атанды. Химиядан әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі саналатын International Mendeleev Chemistry Olympiad байқауына 37 елден, атап айтқанда Қазақстан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Солтүстік Македония, Израиль, Түрки


Жасыл экономикадан Smart кампусқа: Жетісу университетінің жаңа белестері
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өз жұмысын бастады. Халықаралық маңызды жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және климаттық өзгерістерге қарсы күрес мәселелеріне ерекше тоқталды. Президент өз сөзінде экологиялық қауіпсіздік – елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар бағыт екенін атап өтті. Саммит аясында ұйымдастырылған көрмеде еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдары өз жетістіктерін таныстырды. Солардың қа


«Ғылым ордасы» қоры халықаралық ғылыми басылымдармен толықты
2026 жылғы 21 сәуірде «Ғылым ордасы» қорына АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы тарапынан 100-ден астам ғылыми басылымнан тұратын бірегей кітаптар топтамасын табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға АҚШ Бас консулы Мишель Еркін, «Ғылым ордасы» РМК бас директорының міндетін атқарушысы Азамат Нұршанов, консулдық өкілдері және Орталық ғылыми кітапхана қызметкерлері қатысты. АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркін бұл жобаны екі елдің ғылыми әлеуетін тоғыстыратын бірегей платформа ретінде


Алматыда AI for Education саммитінде білім берудегі жасанды интеллект мәселелері талқылануда
2026 жылғы 22 және 23 сәуірде Алматыда, Республика сарайында AI for Education халықаралық саммиті өтуде. Саммиттің ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «HOPE» (Help Others Pursue Education) қоры (Қазақстан). Саммит әлемнің 20 елінен келген қатысушыларды, жаһандық EdTech-компаниялар мен ірі технологиялық корпорациялардың өкілдерін, білім беру, технологиялық және мемлекеттік сала көшбасшыларын, білім беру мекемелерін бірікті


Білім беру ұйымдарының кітапханалары заманауи цифрлық шешімдерге көшуде
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы білім беру ұйымдарының кітапханалық қызметін жаңғырту, оқырман мәдениетін дамыту және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту мақсатында бірқатар заманауи ақпараттық жүйелерді әзірлеп, қолданысқа енгізуде. Бұл цифрлық платформалар кітапхана қорын тиімді басқаруға, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге, электронды ресурстарды кеңінен пайдалануға және білім беру үдерісін қолдауға бағытталға


ҚазҰУ-да жаңа жасанды интеллект зертханалары іске қосылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Al-Farabi AI Center ғылыми-зерттеу орталығы құрамындағы Farabi AI in Healthcare & Life Sciences Lab және Farabi Agentic AI Lab мамандандырылған зертханаларының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, вице-министр Динара Щеглова, ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, UWEE Group ротациялық төрағасы, Бейжің қаласының экономикалық даму департаментінің кеңесшісі Гилбе


Қазақстан білім беруді бағалау жүйесін дамытуда: Ұлттық тестілеу орталығы мен ETS халықаралық зерттеу іс-шараларын бастады
Ұлттық тестілеу орталығы мен білім беруді бағалау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып саналатын Educational Testing Service компаниясының бірлесіп ұйымдастыруымен халықаралық зерттеу іс-шаралары басталды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері, ҰТО сарапшылары және халықаралық мамандар қатысты. Өз сөзінде министр Саясат Нұрбек Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағытын таныстырып, ұлттық бағалау жүйесін жаңғ


Өмірбек Жолдасбеков атындағы халықаралық ғылыми жобалар конкурсында 77 оқушы жүлдегер атанды
Астана қаласында Ө. Жолдасбеков атындағы 11 (12)-сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі ғылыми додаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Таиланд пен Түркиядан 135 жас зерттеуші 99 жобамен қатысып, 77 оқушы жүлдегер атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шарасына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев


Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жанында «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
2026 жылғы 17 сәуірде Алматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жанынан Тұран университетінің базасында «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығының ресми ашылуы өтті. Орталықтың негізгі мақсаты – халықаралық зерттеу хабын қалыптастыру және «жұмсақ ғылыми инфрақұрылым» желісін құру. Яғни, бұл тек халықаралық орталық қана емес, бұл бүкіл елді және халықаралық академиялық кеңістікті қамтитын көпдеңгейлі ғылыми желінің іргетасының қала


«Таза Қазақстан» аясында Жетісу университетінде «Sustainable Fashion Show» сән көрсетілімі өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Sustainable Fashion Show» тақырыбында тұрақты сән үлгілерінің көрсетілімі өтті. Іс-шараға Дене шынықтыру және өнер, физика-математика және жаратылыстану-техникалық факультеттерінің студенттері қатысты. Көрсетілімде дизайнер-студенттер экологиялық таза, қайта өңделген және тұрақты материалдардан жасалған сән үлгілерін ұсынды. Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосу, қорш


Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова алматылықтармен кездесті
17 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглова Алматы қаласының тұрғындарымен кездесіп, ғылым мен жоғары білім саласын жаңғыртуға бағытталған мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. Кездесу шынайы диалог форматында өтті – сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылып, нақты жауаптар берілді, деп хабарлайды «Заманауи білім» журналы Аbai University медиаорталығына сілтеме жасап. Вице-министр өз сөзінде еліміздің 2023–2029 жылдарға арнал


SDU University базасында IELTS on Computer тест орталығы салтанатты түрде ашылды
2026 жылғы 16 сәуірде Қаскелең қаласындағы SDU University қабырғасында халықаралық деңгейдегі маңызды білім беру оқиғасы – IDP IELTS Kazakhstan ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылған IELTS on Computer ресми тестілеу орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама өңірдегі жоғары білім мен халықаралық емтихан инфрақұрылымын дамытуға бағытталған стратегиялық жоба болып табылады. Іс-шараға SDU University басшылығы ректор Әлімжан Игенбаевтың жетекшілігімен, сондай-ақ IDP IELTS Kazakhst


Жетісу университетінде рухани мазмұнға толы жүздесу өтті
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Заң мен тәртіп қағидасы аясында «Кино мен театрдағы заң бейнесі: қоғам айнасы» атты мазмұнды кездесу өтті. Танымдық іс-шараға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Гүлжамал Қазақбаева, сондай-ақ Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасө


Алматыда балаларға қосымша білім беруді дамытудың жаңа тетіктері талқылануда
16-17 сәуір күндері «Балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту: қолжетімділік, сапа және іске асырудың жаңа тетіктері» тақырыбында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың басшылары мен педагогтеріне арналған Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, Республикалық үйлес


Ғылымды дамыту және ғарыштық зерттеу – стратегиялық басымдық: Алматыдағы SPACE4WOMEN
SPACE4WOMEN Kazakhstan атты ауқымды ғылыми-қоғамдық іс-шара өтті. Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстаннан шыққан алғашқы әйелдің ғарышқа ұшуы және әйелдердің ғылым мен ғарыш технологияларын дамытудағы рөлі болды. Іс-шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, аэроғарыш саласының мамандары, білім беру ұйымдары мен жас зерттеушілер қатысты. Кездесу алаңы ғылымның болашағы, технологиялық даму және Қазақстанның жаһандық ғарыш кеңістігіндегі орны туралы ашық пікір алмасу алаңына айналды.


ҚазҰУ-да Қытай компьютерлік федерациясының филиалы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай компьютерлік федерациясының (CCF) Алматы филиалының салтанатты ашылуы өтті. Жиында ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Марғұлан Ибраимов жобаның маңызына тоқталды. Оның айтуынша, университеттің 100-ден астам оқытушысы мен ғалымы қазірдің өзінде CCF мүшесі атанып үлгерген. Бұл әріптестік отандық мамандардың халықаралық тәжірибе алмасуына және озық технологияларды меңгеруіне кең жол ашады. ҚазҰУ-дың ақп


AI-Sana жобасы халықаралық қоғамдастыққа таныстырылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек халықаралық ASU+GSV Summit аясында өткен «Future-Ready Nations: Education as Economic Strategy» атты панельдік сессияға қатысты. Пікірталастың модераторы Arizona State University президенті Майкл Кроу болды. Спикерлер қатарында сондай-ақ Cintana Education негізін қалаушы әрі төрағасы Даг Беккер және ASU профессоры, Корея Республикасының экс-президенті м.а. Джу Хо Ли болды. Сессия барысында қатысушылар білім берудің экономикалы
bottom of page
