top of page

11 февраля – Международный день женщин и девочек в науке

Бүгінде әйелдер Қазақстанның ғылыми әлеуетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарып отыр. Елде магистр, PhD докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесіне ие 120 896 адам бар. Олардың 62 433-і, яғни 51,6 пайызы – әйелдер. Бұл көрсеткіштер әйелдердің ғылыми-білім беру кеңістігіндегі белсенді әрі ауқымды қатысуын айқын дәлелдейді, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


rlst.by
rlst.by

Жоғары білім беру жүйесінде де әйелдер жетекші орындарға нық орналасқан. Профессор-оқытушылар құрамындағы әйелдердің үлесі 65,7 пайызды құрайды. Оның ішінде 72,5 пайызы – магистрлер, 62,8 пайызы – философия докторы (PhD), 46,9 пайызы – бейіні бойынша докторлар, 49,4 пайызы – ғылым докторлары және 65,1 пайызы – ғылым кандидаттары. Бұл деректер әйел ғалымдардың кәсіби деңгейі мен ғылыми кемелдігін көрсетеді.


Қазақстанда ғылыми зерттеулермен айналысатын 12 893 әйел бар, бұл ғылыми қызметкерлердің жалпы санының 56 пайызына тең. Әйел зерттеушілердің жалпы зерттеушілер санындағы үлесі 55,7 пайызды құрайды. Олар іргелі зерттеулерден бастап қолданбалы және пәнаралық жобаларға дейінгі түрлі ғылыми бағыттарда табысты еңбек етіп жатыр.


Ғылыми бағыттар ішінде әйелдердің ең жоғары үлесі жаратылыстану ғылымдарына тиесілі – бұл салада 3 625 әйел (28 пайыз) еңбек етеді. Сондай-ақ инженерлік әзірлемелер мен технологиялар саласында – 2 625 адам (20 пайыз), гуманитарлық ғылымдарда – 2 471 адам (19 пайыз) әйелдердің үлесі айтарлықтай. Ғылым салалары бойынша әйелдер гуманитарлық (66%) және әлеуметтік ғылымдарда (65%) басым.

Әйелдердің ғылыми біліктілік деңгейі де ерекше назар аударуға лайық. Ең жоғары үлес ғылым кандидаты дәрежесінде – 60 пайызды құрайды, бейіні бойынша доктор және магистр дәрежесінде – 58 пайыздан, философия докторы (PhD) дәрежесінде – 54 пайыз. Медицина және гуманитарлық ғылымдар саласында әйел ғылым кандидаттарының үлесі 72 пайызды құрап, жоғары ғылыми және кәсіби әлеуетті көрсетіп отыр.


Кәсіби жетістіктеріңіздің жоғары бағалануына, ғылымдағы бастамаларыңыздың нәтижелі болуына, мықты денсаулық пен мол игілікке қол жеткізулеріңізге шын жүректен тілектеспіз.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page