Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институты: білім беру бағдарламалары
- Редакция "СО"
- 4 hours ago
- 3 min read

Сорбонна-Қазақстан институты (СҚИ) 2014 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы президенттерінің қатысуымен ресми түрде ашылды. Құрылған күннен бастап СҚИ Францияның: INALCO, Пуатье, Лотарингия, Лилль және Шампан-Арден университеттері сияқты жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді дамыта отырып, қазақстандық және француздық білім беру арасындағы көпір болды. СҚИ – Абай атындағы ҚазҰПУ-мен ынтымақтасатын барлық француз университеттерін біріктіретін және елдеріміздің арасындағы ғылыми, білім және мәдени өзара іс-қимыл үшін хаб қызметін атқаратын бірегей академиялық платформа. Білім беруді қазақстандық және француз мұғалімдері жүргізеді, қос дипломды бағдарламалар, халықаралық ғылыми жобалар мен студенттер алмасу белсенді түрде жүзеге асырылуда.
ИНСТИТУТ БАСШЫЛЫҒЫ
Айнұр Сәбитова – з.ғ.д., профессор, Қазақстаннан тең директор.
Аньес Буссэ (Agnès Bousset) – Франциядан тең директор.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бакалавриат, оқу мерзімі – 4 жыл / колледжден кейін 3 жыл.
Білім беру бағдарламасының атауы | Бейіндік пәндер | Шекті балл | Оқу құны, теңге |
6В04211 Халықаралық құқық (қос дипломды) | Дүниежүзі тарихы – Құқық негіздері | 75 | 950 000 |
6B03101 Жаһандану жағдайындағы халықаралық қатынастар | Ағылшын тілі – Дүниежүзі тарихы | 70 | 950 000 |
6B03119 Жаңа әлемдік тәртіп жағдайындағы халықаралық қатынастар | Ағылшын тілі – Дүниежүзі тарихы | 70 | 950 000 |
6B04107 Экономика (қос дипломды – Пуатье университеті) | Математика – География | 65 | 950 000 |
6B04103 Есеп және аудит | Математика – География | 65 | 950 000 |
6B04106 Маркетинг | Математика – География | 65 | 950 000 |
6B04104 Қаржы | Математика – География | 65 | 950 000 |
6B04102 Менеджмент | Математика – География | 65 | 950 000 |
6В04115 Мемлекеттік аудит | Математика – География | 65 | 950 000 |

Магистратура, оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық– 2 жыл, бейіндік – 1 жыл.
Білім беру бағдарламасының атауы | Бейіндік пәндер | Шекті балл | Оқу құны, теңге |
7M04205 Халықаралық құқық | Мемлекет және құқық теориясы; Ситуациялық кейс (ҚР Заңнамасының және / немесе халықаралық құқықтың нормаларын қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау); | 75
| 1 550 000 |
7M04101 Экономика (ғылыми-педагогикалық) | Кәсіпорын экономикасы; Макроэкономика. | 75
| 1 550 000 |
7M04104 Қаржы (ғылыми-педагогикалық) | Қаржы негіздері; Корпоративтік қаржы. | 75
| 1 550 000 |
7M04102 Менеджмент (ғылыми-педагогикалық) | Менеджмент; Бизнесті ұйымдастыру. | 75
| 1 550 000 |
7M04103 Есеп және аудит (ғылыми-педагогикалық) | Бухгалтерлік есеп негіздері; Аудит. | 75
| 1 550 000 |
7M03119 Жаңа геосаяси жағдайларда халықаралық қатынастардың трансформациясы (ғылыми-педагогикалық) | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты; Дипломатиялық және консулдық қызмет. | 75
| 1 550 000 |
7M04105 Мемлекеттік және жергілікті басқару (ғылыми-педагогикалық) | Мемлекеттік басқару теориясы; Экономиканы мемлекеттік реттеу. | 75
| 1 550 000 |
7M01720 Шет тілі: екі шет тілі – француз тілі (қос дипломды) Пуатье университеті
| Педагогика (қазақ, орыс, ағылшын тілдері); Кәсіби бағытталған шет тілі. Талап-француз тілін В2 деңгейінен төмен емес білу | 75
| 1 550 000 |
7M04209 Халықаралық құқық (бейінді) | Мемлекет және құқық теориясы; Ситуациялық кейс (ҚР Заңнамасының және /немесе халықаралық құқықтың нормаларын қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау). | 30
| 1 550 000 |
7M04108 Экономика (бейінді) | Кәсіпорын экономикасы; Макроэкономика. | 30 | 1 550 000 |
7M04110 Менеджмент (бейінді) | Менеджмент; Бизнесті ұйымдастыру. | 30 | 1 550 000 |
7M04111 Есеп және аудит (бейінді) | Бухгалтерлік есеп негіздері; Аудит. | 30 | 1 550 000 |
7M04112 Қаржы (бейінді) | Қаржы негіздері; Корпоративтік қаржы. | 30 | 1 550 000 |
7M04114 Маркетинг (бейінді) | Маркетинг; Маркетингтік зерттеулер. | 30 | 1 550 000 |
7M04113 Мемлекеттік және жергілікті басқару(бейінді) | Мемлекеттік басқару теориясы; Экономиканы мемлекеттік реттеу. | 30 | 1 550 000 |

Докторантура, оқу мерзімі – 3 жыл
Білім беру бағдарламасының атауы | Бейіндік пәндер | Оқу құны, теңге |
8D04101 – Экономика | Эссе; Келесі бағыттар бойынша арнайы емтихан: – микро-макроэкономикалық талдау; – инновациялық экономика жағдайында кәсіпкерлікті дамыту; – ұлттық экономика: даму және болжау стратегиясы. | 2 200 000 |
8D03101 – Халықаралық қатынастар | Эссе; Келесі бағыттар бойынша арнайы емтихан: – халықаралық қатынастар теориясы; – ҚР сыртқы саясаты; – жаһандану процестері және халықаралық қатынастар. | 2 200 000 |
ОҚУҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ
• Бакалавриат – ҰБТ нәтижелері бойынша
• Магистратура – кешенді тестілеу қорытындысы бойынша
• Докторантура – арнайы емтихандар мен эсселер негізінде
СҚИ бағдарламалары ҚР ҒЖБМ мемлекеттік гранттарымен қаржыландырылатын тізімге кіреді.
ҚОСЫМША МҮМКІНДІКТЕР
• Әскери кафедра
• Қос дипломды бағдарламалар
• Халықаралық тағылымдамалар
• Француз және қазақстандық оқытушылар
• Алматы қаласының орталығындағы заманауи оқу корпусы
Сорбонна-Қазақстан институты – бұл сіздің Қазақстанның шегінен шықпай-ақ, еуропалық деңгейдегі беделді білім алуға мүмкіндігіңіз! Сапаны таңдаңыз! Болашақты таңдаңыз! СҚИ-ді таңдаңыз!
БАЙЛАНЫСТАР
+7 707 308 4949
+7 701 760 0625
+7 707 320 9377
+7 701 779 8870
Мекенжайы: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 28
Instagram: @sorbonne_kazakhstan

Comments