top of page

М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дың қазақстандық филиалы: қарқынды дайындық курстарын

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы – әлемге әйгілі Мәскеу университетінің құрылымдық бөлімшесі Астана қаласында 2001 жылдан бері жұмыс істейді. 2022 жылы Президент Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша филиалға жаңа ғимарат өтеусіз пайдалануға берілді. Филиал түлектері ММУ дипломдарын алады.


М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дың қазақстандық филиалы

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ


Бакалавриат

(оқу мерзімі – 4 жыл)

• 01.03.01 «Математика»

• 01.03.02 «Қолданбалы математика және информатика»

• 45.03.01 «Филология»

• 05.03.06 «Экология және табиғатты пайдалану»

• 38.03.01 «Экономика»


Магистратура

(оқу мерзімі – 2 жыл)

«Математика» бағыты бойынша:

• «Математика және деректерді талдау әдістері» магистерлік бағдарламасы.

«Қолданбалы математика және информатика» бағыты бойынша:

• «Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері» магистерлік бағдарламасы.

«Филология» бағыты бойынша:

• «Шет тілді аудиториядағы орыс тілі» магистерлік бағдарламасы;

• «Медиалингвистика» магистерлік бағдарламасы;

• «Мәдениетаралық коммуникация және аударма» магистерлік бағдарламасы.

«Экология және табиғатты пайдалану» бағыты бойынша:

• «Қалалар мен өңірлердің төмен көміртекті дамуын басқару» магистерлік бағдарламасы.

«Экономика» бағыты бойынша:

• «Қаржылық талдау» магистерлік бағдарламасы (ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп іске асырылады);

• «Ұлттық экономика және экономикалық саясат» магистерлік бағдарламасы «Заманауи экономикадағы статистика және деректерді басқару» (ҚР Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп іске асырылады).

 

М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дың қазақстандық филиалы

ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ГРАНТТАР САНЫ


Филиалға қабылдау ММУ-ға қабылдау қағидаларына сәйкес ММУ емтихан комиссиялары күндізгі нысанда жазбаша түрде өткізетін қабылдау емтихандары негізінде жүзеге асырылады.


Бакалавриат даярлау бағыттары бойынша қабылдау емтихандарының тізбесі

• «Математика»: математика (жазбаша); орыс тілі (жазбаша). Бюджеттік орын – 25, ақылы орын – 5.

• «Қолданбалы математика және информатика»: математика (жазбаша); орыс тілі (жазбаша). Бюджеттік орын – 50, ақылы орын – 10.

• «Филология»: әдебиет (жазбаша); орыс тілі (жазбаша). Бюджеттік орын – 40, ақылы орын – 10.

• «Экология және табиғатты пайдалану»: география (жазбаша); орыс тілі (жазбаша). Бюджеттік орын – 40, ақылы орын – 10.

• «Экономика»: математика (жазбаша); орыс тілі (жазбаша). Бюджеттік орын – 45, ақылы орын – 15.


Магистратура даярлау бағыттары бойынша қабылдау емтихандарының тізбесі

• «Математика» («Математика және деректерді талдау әдістері») – математика (жазбаша). Бюджеттік орын – 12, ақылы орын – 3.

• «Қолданбалы математика және информатика» («Есептеу технологиялары және жасанды интеллект әдістері») – математика (жазбаша). Бюджеттік орын – 20, ақылы орын – 5.

• «Филология» («Шет тілді аудиториядағы орыс тілі», «Медиалингвистика», «Мәдениетаралық коммуникация және аударма») – филология (жазбаша). Бюджеттік орын – 30, ақылы орын – 9.

• «Экология және табиғатты пайдалану» («Қалалар мен өңірлердің төмен көміртекті дамуын басқару») – география және тұрақты даму (жазбаша). Бюджеттік орын – 14, ақылы орын – 3.

• «Экономика» («Қаржылық талдау», «Заманауи экономикадағы статистика және деректерді басқару», «Ұлттық экономика және экономикалық саясат») – экономикалық теория (жазбаша). Бюджеттік орын – 34, ақылы орын – 10.


М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дың қазақстандық филиалы

 

ОҚУҒА ТҮСУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Қазақстандық филиал бакалавриатқа түсушілер үшін келесі пәндер бойынша дайындық курстарын жүзеге асырады:

• күндізгі форматта: математика, орыс тілі.

• онлайн форматта (ZOOM платформасында): математика, орыс тілі, ағылшын тілі, география, әдебиет.

Барлық пәндер бойынша сабақтарды М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының білікті оқытушылары ММУ-ге қабылдау емтихандарының бағдарламаларына сәйкес жүргізеді. Дайындық курстарын жүзеге асыру мерзімі – қазаннан мамырға дейін. Курстарда оқу ақылы. Сонымен қатар, 2025 жылдың 23 маусымы мен 10 шілдесі аралығында филиал бакалавриатқа түсушілер үшін қарқынды дайындық курстарын өткізеді. Сабақтар ZOOM платформасында келесі пәндер бойынша бетпе-бет және қашықтықтан өтеді:

• математика (офлайн немесе онлайн)

• орыс тілі (офлайн немесе онлайн)

• география (онлайн)

• әдебиет (онлайн)

Курстарда оқу ақылы.

 

М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дың қазақстандық филиалы

ТҰРУ

Филиалдың 500 орындық жайлы, абаттандырылған жатақханасы (Студенттер үйі) бар. Жатақхана басқа қаладан келген барлық студенттерге беріледі.


БАЙЛАНЫСТАР

Тел.: 8 (7172) 35 43 87; +7 (778) 354 33 77; + 7 (708) 232 72 51

Электрондық пошта: otvet.msukz@gmail.com

Телеграм: https://t.me/msu_kz

Инстаграм: @msu_kz

Филиалдың мекенжайы: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36.

Студенттер үйінің мекенжайы: Астана қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 33/1- үй.

Дайындық сабақтары Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 11, 7-қабатта өтеді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page