Қарағанды индустриялық университеті мен Тюмень индустриялық университетінің қос дипломды бағдарламасы. Дәстүрлерге адалдық және жаңа тәсілдер
- Вероника К.
- Aug 29
- 1 min read
Қарағанды индустриялық университеті электрмен жабдықтау жүйесін жобалау, пайдалану және қызмет көрсету мамандарын даярлау бойынша қос дипломды Қазақстан-Ресей білім беру бағдарламасын ұсынады.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
• 6В07105 – Өнеркәсіптік объектілерді энергиямен қамтамасыз ету (Қарағанды индустриялық университеті) / 13.03.02 Электр энергетикасы және электртехника (Электрмен жабдықтау бейіні) (Тюмень индустриялық университеті).
ОҚУ ФОРМАТЫ
Оқудың алғашқы екі жылы Қарағанды индустриялық университетінде қазақ немесе орыс тілінде, келесі екі жылы Тюмень индустриялық университетінде орыс тілінде өтеді.
Қорытынды біліктілік жұмысын қорғау ҚАРИУ-дан аттестаттау комиссиясының қатысуымен ТИУ-де өтеді. Табысты қорғау нәтижелері бойынша екі университеттің дипломдары, сондай-ақ ТИУ-дан кәсіби сертификаттаудан өткені туралы диплом беріледі.
Студенттерді даярлау барысында заманауи білім беру тәсілдері, атап айтқанда –жобалық оқыту қолданылады. Оқудың барлық кезеңінде студенттер көшбасшылық қасиеттерді, кәсіпкерлік құзыреттіліктер мен кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған топтық жобалармен жұмыс істейтін болады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың нақты тапсырыстары бойынша жобаларды орындауға ерекше назар аударылатын болады.
ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет, шекті өту балы – 50. Бейіндік пәндер –математика + физика.
ГРАНТТАР ЖӘНЕ ОҚУ АҚЫСЫ
ҚарИУ-да грант негізінде де, шарттық негізде де оқуға болады. 2025-2026 оқу жылына В062 Электр техника және энергетика білім беру бағдарламаларының тобына бүкіл елге жалпы конкурс бойынша 970 орын бөлінді, сонымен қатар ҚарИУ-ға техникалық квота бойынша қосымша 20 грант бөлінді.
Тюмень индустриялық университетінде оқыту шарттық негізде жүргізіледі. Жылына 237-250 мың рубль. ТИУ жатақханасында тұру құны – айына 1000 рубль.
БАЙЛАНЫСТАР
+7 701 4306414
+7 700 5690647
+7 777 3278600



Comments