Азаматтық авиация академиясы және «Қазаэронавигация»: бірлескен дайындық – болашаққа билет
- Редакция "СО"

- Aug 18
- 1 min read
Азаматтық авиация академиясы базасында «Қазаэронавигация» РМК (КАН) өкілдерімен кезекті кездесу өтті. Бұл кездесу конструктивті ынтымақтастықтың жақсы дәстүрінің жалғасы болды. Біз 2023 жылы бекітілген және Әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету (ОВД) саласында жоғары білікті мамандар даярлаудың стратегиялық мәселелерін қамтитын Жол картасының іске асырылу барысын талқыладық.

Тараптар ынтымақтастық аясында қол жеткізілген елеулі жетістіктерді атап өтіп, алға қарай қадам басуға дайын екендіктерін растады. Ерекше назар кадрларды бірлесіп даярлау туралы Ереженің жобасына аударылды. Бұл құжат барлық бірлескен бастамаларды жүйелендіріп, Академия мен КАН күш-жігерін біріктіріп, студенттерді іріктеу, оқыту және қорытынды аттестациядан өткізу тетігін нақтылайды.
Еске сала кетейік, 2024 жылы студенттердің алғашқы тобы Бағдарламаға қатысу үшін іріктелді. Келесі жылы олар КАН базасында, оның ішінде тренажерлық дайындықты қамтитын кәсіби дайындықтың қорытынды кезеңіне кіріседі. Маңызды жайт: бірлескен даярлауға өткен барлық студенттер КАН-ның стипендиясын алады. Бұл – дарынды жастарға көрсетілетін зор қолдау.
Бүгінде КАН мамандары болашақ ОВД диспетчерлерін дайындауға белсенді қатысуда: аттестациялық комиссия құрамына кіреді, тәжірибеге жетекшілік етеді, ал тәжірибе ҚАН базасында, жұмысқа барынша жақын жағдайларда өтеді.
Осыған ұқсас тәсіл ЭРТОС мамандарын даярлауға да қолданылмақ, бұл аэронавигациялық қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын кеңірек қамтуға мүмкіндік береді.
Академия мен КАН ортақ пікірде: мамандарды сапалы, кешенді даярлау – біздің басты басымдығымыз. Бірлескен бағдарлама түлектердің білім мен тәжірибелік дағдыларының жоғары деңгейінің кепілі болып, олардың еңбек нарығында сұранысқа ие әрі бәсекеге қабілетті болуына сенімді негіз қалайды.



Comments