top of page

Болашақ білім экожүйесі: Smart Bolashaq цифрлық инновациялары мектептерді тұрақты даму кеңістігіне қалай айналдыруда

Kasip Álemi

Жаһандық әлем өнеркәсіптік және индустриалдық революциялардың жаңа сатысына жылдам көшті, онда жасанды интеллект (ЖИ) жай құрал емес, қоғамдық трансформацияның драйверіне айналды. Цифрлық құралдар тұрақтыдаму, инклюзивтілік, ашықтық және дамудың жекелендірілген бағыты қағидаттарына негізделген оқытудың жаңа философиясын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Заманауи мектеп жай білім беру орны болудан шығып, өмір бойы білім алуға дайындық, өзін-өзі рефлексиялау, ынтымақтастық, бастамашылдық мәдениеті қалыптасатын мағыналар кеңістігіне айналуда.

 

Бұл көшу Қазақстан үшін ерекше маңызды – білім беру ортасына цифрлық құралдардың интеграциясының тиімділігі әлеуметтік капиталдың сапасына, өңірлердің бірқалыпты дамуына және әрбір баланың өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты.

 

ree

Smart Bolashaq корпоративтік қоры дәл осы міндетті – білім беру үдерісіне цифрлық құралдарды енгізу арқылы мектептердің тұрақты дамуы мен мектеп оқушыларының әлеуетін толыққанды дамытуды – алдына қойды. Жаңа түрдегі цифрлық инфрақұрылымды құру, яғни технологиялардың тәжірибелерді анықтау және өмірлік жолды саналы түрде таңдау ортасы ретінде қызмет етуі.

 

«Kàsip Àlemi» кәсіптік бағдар беру кеңістігі осындай инновациялық шешімдердің бірі болып табылады – бұл болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ұмтылатын мектеп оқушыларына арналған заманауи және жайлы жаңа форматтағы мини-коворкинг. Бұл мектеп ішінде арнайы ұйымдастырылған аймақ, онда оқушылар әртүрлі мамандықтар, қажетті дағдылар және мансаптықтраекториялар туралы ақпарат алады. «Kàsip Àlemi» оқушының қызығушылықтарын талдау және негізгі дағдыларын анықтау арқылы әрбір оқушының даму траекториясын жекелендіруге мүмкіндік беретін интерактивті ЖИ құралымен интеграцияланған.


ree

Жүйе шеңберінде мыналар қол жетімді:

– Мамандандырылған ЖИ-мен интеллектуалдық чат;

– Кәсіпті таңдау бойынша жекелендірілген консультациялар;

– Жұмыс істеу мүмкіндіктері, қажетті құзыреттер, әлеуетті жалақы деңгейі жәнетиісті бағыттар бойынша жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі ақпарат;

– Мектептерге тиімді кәсіптік бағдар беру бағдарламаларын құруға және оқушылардың білім беру қажеттіліктерін болжауға көмектесетін аналитикалық деректер мен диаграммалар.


ree

Бұл цифрлық инфрақұрылым – дәстүрлі ресурстар шектеулі аудандарда сапалы жәбе саналы түрде өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік ашатын инклюзия құралы. Атап айтқанда, еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің заманауи негізгі проблемаларына жауап береді:

– Еңбекке қабілетті халықтың 60% мамандығы бойынша жұмыс істемейді;

– Жас мамандардың 20%-дан көбі алынған мамандығы бойынша жұмысістемейді – колледж түлектерінің 29% және жоғары оқу орындарының түлектерінің 17%;

– Мектеп оқушыларының 87% мамандықты таңдау кезінде ата-аналарының пікіріне сүйенеді, ал ата-аналардың 75% өз балаларының кәсіптік қалаулары туралы білмейді;

– Оқушылардың 10% ғана Қазақстанда сұраныстағы мамандықтар туралы хабардар.

 

Бұл сандар кәсіптік бағдар беру және адам капиталын дамытудың дәстүрлі тәсілдеріне қайта ой жүгірту қажет екенін көрсетеді.

 

Цифрландырудың техникалық шешімдермен шектелетін дәстүрлі үлгіден айырмашылығы, Smart Bolashaq технологиялық дамудың гуманистік және адамға бағытталған үлгісін құрады. Мұнда технологиялар қолжетімділік, мүмкіндіктер теңдігі және ашықтық құндылықтарына бағынады.


ree

«Kàsip Àlemi» сияқты жобалар арқылы қор әрбір мектеп оқушысына өзінің күшті жақтарын түсінуге және болашақтың саналы траекториясын құруға көмектесетін сандық білім берудің жаңа мәдениетін қалыптастыруда.

 

Бүгінде Smart Bolashaq Қазақстанның 100-ден астам мектебінде технологиялар білім беру үдерісіне сәтті интеграцияланған тұрақты экожүйені құра отырып, болашақ білімінің цифрлық үлгісін жүзеге асырды.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page