top of page
Search

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Қазақстан-германия ғылым және технология институты ашылады

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Қазақстан-германия ғылым және технология институты ашылады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қатысуымен өткен Қазақстан-Неміс университеттері ректорларының форумы аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және Қазақстан-Германия университеті металлургия және тау-кен ісі саласында ғылым және технология институтын ашу туралы негіздемелік келісімге қол қойды.


Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Қазақстан-Неміс университеті арасындағы келісім бойынша Қазақстанда металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы жаңа ғылым және технологиялар институты құрылатын болады.


Инженерия саласындағы озық неміс тәжірибесі және «білім триадасына» негізделген оқыту – зерттеулер, білім және инновациялар Шығыс Қазақстан облысының тұрақты дамуына, экономикалық және адами капиталын арттыруға жаңа серпін береді.

Ынтымақтастық фокусы үш негізгі бағытқа бағытталатын болады.

Біріншіден, білім беру. Бұл машина жасау, геология және тау-кен ісі, пайдалы қазбаларды байыту, тұрақты даму бағыттары бойынша екі дипломды және бірлескен кадрлар даярлау.

Екінші бағыт – металлургия және материалтану, геодезия, геология және тау-кен ісі және тұрақты даму саласындағы бірлескен зерттеулер.

Үшінші бағыт – инновация, ғылым мен өндірістің инновациялық кластерін құру, бірлескен ғылыми жобалар, бизнес-инкубатор құру және стартап-жобаларды іске қосу, эксперименттік өндірістер мен пилоттық желілерді құру.

«Біздің мемлекетіміздің саясаты жоғары білім мен ғылымды интернационалдандыруды кеңейтуге бағытталған. Аталған институтты құру ғылым мен технология саласындағы қазақстандық-неміс өзара іс - қимылының орнықты тұғырнамасын қалыптастырады, елдің инновациялық дамуы үшін адами капиталды нығайтады», - деді Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина.

bottom of page