М. Әуезов атындағы ОҚЗУ ұжымы Ғылым күнін салтанатты түрде атап өтті
- Вероника К.
- Apr 14
- 1 min read
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ ұжымы Ғылым күнін салтанатты түрде атап өтті. Шараға оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері және білім алушылар қатысты. Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Ұлан Сүлейменов мерекелік іс-шараны ашып, барша ғылыми қауымды Ғылым күнімен құттықтады.

«Әуезов университетінің ғылымы бүгінде дамыған инновациялық инфрақұрылым, бұл – 2 Ғылыми зерттеу институты, 17 ғылыми зерттеу зертханасы және 6 ғылыми орталық, аккредиттелген ұжымдық пайдалану зертханасы. Барлығы 110 оқу-ғылыми және ұйымдастырушылық нысандар.
Университеттің кадрлық әлеуеті бүгінде: 87 ғылым докторы, 446 ғылым кандидаты және 131 PhD докторы. Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыты университет ғылымының өңірлік экономика мен ел экономикасына үлесін әр түрлі жобалар мен бағдарламаларды орындау және ғылыми-техникалық жұмыстар нәтижелерін коммерцияландыру арқылы арттыру болып табылады. Ғылымның дамуына зор үлес қосып келе жатқан ғалымдарымызды мақтан тұтамыз! Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, ізденіс жолында толағай табыстар тілеймін! Мереке құтты болсын», - деді Ұлан Сейітқазыұлы өз сөзінде.
Атап өту керек, бүгінде университетімізде 9 «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты», 4 «Құрмет» орденінің иегері, 82 «Халықаралық Президенттік Болашақ Стипендия «иегері және 314 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» қызмет етуде.
Мерекелік кеште Ұлан Сейітқазыұлы университет ғылымына үлес қосқан бірнеше ғылыми қызметкерге министрліктің салалық төсбелгілері, Құрмет грамоталары сондай-ақ Басқарма Төрағасы-ректордың алғыс хаттарын табыстады.
Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Comments