top of page
Search

Оқу-ағарту министрлігі Астанада мектеп директорларының форумын өткізді

Астанада 1200-ден астам мемлекеттік мектеп басшысы Назарбаев Университетінде Директорлар форумына жиналды, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының қатысушыларын ҚР Білім министрлігі «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» тақырыбындағы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға шақырды.

Гани Бейсембаев Форум директоров школ Ғани Бейсембаев Мектеп директорларының форумы

TEDx форматындағы интерактивті сессияға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Еліміздің бас ұстазы отандық білім беру жүйесін дамытудың маңызды аспектілеріне тоқталып, кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

"Мемлекет басшысының қолдауымен төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни екі есе өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің жалақысы 30%-ға өсті. Бұл бағыттағы жұмыстар, яғни педагогтерді қолдау шараларыжалғасады. Осы жылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатын болады", - деді Ғани Бейсембаев.

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде министрлік ұлттық білім беру деректер базасын жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуде. Онда білім беру ұйымы туралы мәліметтер, педагогтің жеке деректері, білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасы және т.б. көрсетіледі.


Форум директоров школ в Астане 2024 Гани Бейсембаев Форум директоров школ  Мектеп директорларының форумы

 

Кездесуге Астана қаласы мен Қазақстанның төрт солтүстік облысындағы орта білім беру ұйымдарының бір жарым мыңға жуық басшысы қатысты.

Назарбаев Университетінің базасында олар үшін диалог алаңы ашылды. Онда жиынға қатысушыларға білім беру саласындағы бақылау және мониторинг іс-шараларының қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар туралы айтылды. Атап айтқанда: білім беру сапасын арттыру, инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту, цифрландыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқалар.

"Бұл маңызды форум Назарбаев университетінің қабырғасында өтіп жатқаны біз үшін аса маңызды. Біздің университет Қазақстандағы білім беру саласының инновациялары мен дамуын қолдай отырып, білім беруді үнемі жетілдіруге ұмтылады. Біз осындай маңызды шараның алаңына айналғанымызды мақтан тұтамыз", - деп атап өтті NU вице-президенті Кадиша Даирова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министр Алматы қаласы, Түркістан, Жетісу және Алматы облыстары мектептерінің директорларымен кездесулер өткізген болатын. Форум еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады.

bottom of page