top of page

Қазақстандық оқушылар Балқан өңірінің үздік математиктерінің үштігіне кірді

Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) 22 елдің оқушылары қатысқан Балқан халықаралық математикалық олимпиадасы (BMO) аяқталды. Қазақстандық оқушылар ел қоржынына үш күміс және үш қола медаль салып, 100% көрсеткіш көрсетті, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

 

Балқан халықаралық математикалық олимпиадасы

Қазақстан құрамасы жалпы алты жүлде иеленді:

 

 Күміс жүлде иегерлері:

• Амир Сахипов — Алматы қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;

• Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum мектебінің 11-сынып оқушысы;

• Элдар Үсенов — Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы.

 

 Қола медаль иегерлері:

• Дамир Нұрланов — Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

• Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;

• Бердібек Орынбасар — Атырау облысындағы №1 «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы.

 

 «BMO олимпиадасына қатысу – Қазақстан құрамасының шілде айында Австралияның Квинсленд қаласында өтетін халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындығындағы маңызды кезең. Мемлекетке жас таланттарды қолдағаны үшін, сондай-ақ ұстаздарыма және барлық жаттықтырушы командаға кәсіби дайындық үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді олимпиаданың күміс жүлдегері Марғұлан Шарел.

 

Ұлттық құраманың жаттықтырушылары – Асылбек Исахов пен Мұхтар Қабақ.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұл – қазақстандық оқушылардың екінші рекордтық нәтижесі. 2024 жылы да олар үздік үштіктен көрінген болатын.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page