top of page

Қазақстандық оқушылар информатика бойынша халықаралық олимпиададан екі медаль әкелді

Sep 5, 2023
1 min read

Венгрия елінде өткен информатика бойынша халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті (IOI). Оған 89 елден 347 оқушы қатысты. «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының хабарлауынша, олимпиада 2 кезең бойынша өтті. Оның бірінде қатысушылар бір компьютерді пайдалана отырып, бес сағаттың ішінде үш тапсырманы өз бетінше орындаулары қажет болды, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы екі медаль және екі құрмет грамотасын иеленді:

Күміс - Таймас Қорғанбаев - Алматы қаласы РФММ-нің түлегі;

Қола - Назар Серазитдинов - Алматы қаласы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;

Құрмет грамотасы - Ван Ли - Алматы қаласы РФММ-нің түлегі;

Құрмет грамотасы - Мансұр Мамадуханов - Қызылорда қаласы, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.


Құрама жетекшілері: Astana IT университетінің оқытушысы Темірлан Сатылханов, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Батыр Сардарбеков.


Атап өтейік, информатика бойынша халықаралық олимпиада (IOI) 1989 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.


























Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page