top of page

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Ұлыбритания елшісімен кездесті

4 тамыз күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кэтрин Лич ханыммен кездесті. Кездесу Елшінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына және жаңа лауазымға тағайындалуына байланысты өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


ree

Кездесу барысында Министр Саясат Нұрбек Лич ханымға ғылым және жоғары білім саласында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.


Министр екі ел арасындағы тұрақты академиялық және ғылыми байланыстардың маңыздылығын атап өтіп, Елші қызмет атқарған кезеңде бірқатар бірлескен білім беру бастамалары, ғылыми-зерттеу жобалары мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары сәтті жүзеге асқанына ерекше тоқталды.


Тараптар сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, бастамаларды жалғастыру және білім беру саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтудың маңыздылығын айтты.


Кездесу соңында Министр Елші ханымға алдағы кәсіби қызметінде табыс пен амандық тіледі. Сонымен қатар оның қосқан үлесі Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастар тарихында ұзақ уақыт сақталатынына сенім білдірді.

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page