top of page
Search

ҰБТ сертификаттары туралы ақпарат

Егер Сіз жоо-ға ақылы негізде оқуға түсуді жоспарлап отырған болсаңыз және қаңтар, наурыз айларындағы ҰБТ-ны тапсырып, шекті балл жинасаңыз, онда тамыз айындағы ҰБТ-ны тапсырудың қажеті жоқ. Сол сертификаттардың бірін ұсына аласыз.


Себебі ақылы негізде оқуға түсу үшін қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы ҰБТ сертификатының кез келгені жарамды. МАҢЫЗДЫ: бұл ретте шекті балдарды жинау қажет.


Сондай-ақ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен негізгі ҰБТ нәтижесі грант конкурсына қатысу үшін де, ақылы негізде оқуға түсу үшін де жарамды екенін айта кетейік. Өткен жылғы сертификаттар жарамсыз.




bottom of page