Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы
- Редакция "СО"

- 20 hours ago
- 1 min read
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты республикалық референдумды қолдау жөніндегі қалалық коалиция мүшелері –Богдан Джепка, Серікболсын Сарыбаев, Дана Кошанова, Төлеген Тәжібаев және Аладин Мустафаев академия ұжымымен кездесіп, республикалық референдумның маңыздылығы мен Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мәні туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру, әділетті қоғам қалыптастыру бағытындағы бастамалар кеңінен талқыланды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, пікір алмасу еркін форматта өтті.
Спикерлер реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың ел дамуына белсенді қатысуына мүмкіндік беру екенін атап өтті.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Іс-шара соңында алдіағы референдумға белсенді қатысуға шақыру жасалды.



Comments