top of page

Халықаралық стандарттар тұрғысынан ҚАТЗУ-дың білім беру бағдарламаларын бағалау: CAAAE сарапшыларының сапары

2024 жылғы 14 мамырдан бастап Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Орталық Азия білім беру аккредитациясы қауымдастығы (CAAАE) сарапшылар тобының сыртқы сапарымен тексерісі өтуде.


КазАТИУ им. С. Сейфуллина

Бұл сапар университеттің білім беру бағдарламалары мен инфрақұрылымына кешенді баға беруді көздейді, соның негізінде білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігі және олардың әрі қарай дамуының мүмкіндіктері анықталады. Сапар аясында сарапшылар ландшафтық дизайн, электротехникалық инженерия, өсімдік биотехнологиясы, табиғи ресурстарды басқару, геодезия және жерге орналастыру бағыттарын қоса алғанда, 24 білім беру бағдарламасын бағалайды. Сонымен қатар, олар университет басшылығымен, оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесулер өткізеді, зертханаларға, ғылыми-зерттеу орталықтарына және материалдық-техникалық база нысандарына барады.


Сапардың басты мақсаты – оқу процесін ұйымдастыру деңгейіне, оқу-әдістемелік жұмысқа, ғылыми-зерттеу қызметіне және студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетуге жан-жақты талдау жүргізу. Сондай-ақ, кадрмен қамтамасыз ету, академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне де назар аударылады.              


Сапар қорытындылары сарапшылар тобының есебінде көрініс табады, бұл есеп университеттің білім беру бағдарламаларын жетілдіру және түлектерінің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.

コメント


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page