top of page
Search

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

Бастауыш мектеп – өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өрендеуіне,ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өзгерту міндеттері қойылды.

Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.



Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшықеттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы, барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйкесінің қалыптасуына үлкен рөл атқарады.

Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде балада қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті дамып, түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.

 Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.

Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.

Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі бірден жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады.



2023-2024 оқу жылында мектептегі аутодеструктивті мінез-құлықтың және келеңсіздіктердің алдын-алу мақсатында 2-4 сыныптарға психологиялық іс-шара жоспарлары жасалынып, сол жоспарға сай деңгейлері анықталды.

Балаларды психологиялық анықтау нәтижелерінің қорытындысымен мектепте жалпы 209 оқушы қатысты. Оқушыларда барлық шкала бойынша қалыпты, агрессия байқалған жоқ, үрейшілдік, фруструация , агрессия, икемсіздік бойынша қалыпты екендігі анықталды. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын анықтау барысында сауалнамалар жүргізіліп, нәтижелері айқындалды. Жасөспірімдердің мінезіндегі өзгерістерге жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстар туралы мәліметтер дер кезінде беріліп отырды. 4-сынып оқушылары арасында «Аяқталмаған сөйлем» атты сауалнамалар жүргізіліп, тұлғалық қабілеттері жөнінде мәліметтер жинақталды.

Сонымен қатар, 3-4 сыныптар арасында «Өмірді сүйе білейік!», «Мен қалаймын!» тақырыбында тренинг сабақтар жүргізілді.

Өзін-өзі бағалауының өзіне деген сенімділігін анықтау үшін, отбасында қалыптасқан қарым-қатынасты анықтау үшін мектеп алды даярлық топтары және 1-2 сынып оқушылар арасында «Отбасы суреті» әдістемесі пайдаланылды.

Әрбір атқан таңды қызыға да, қуана ақ тілекпен қарсы алып, таза да дұрыс жолмен жүрейік! Мәнді өмір сүру үшін балаларымызды қызыққа да, өмір сүйгіштікке де баулу керекпіз. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, еліміздің болашағы жастарымызды қолдап, игі істерін қолдайық.

 

Алия Базархановна Сердалиева,

Арыс қаласы білім бөлімінің

«Сағадат Нұрмағанбетов атындағы бастауыш мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

педагог-психологы

 

АННОТАЦИЯ

Алия Базархановна Сердалиева, педагог-психолог начальной школы имени Сагадата Нурмаганбетова города Арысь, рассказывает о работе психологической службы школы, в частности о плане психологических мероприятий, направленном не только на изучение личностных особенностей школьников, но и на создание у них позитивного настроя и привитие любви к жизни, желания жить.

 


bottom of page