top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, +7 727 327 12 87, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Жұлдыз Болат: «Gybrat High School» – табысқа жету жолы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында сапалы білім беру мен адам капиталын дамытуды басты басымдық ретінде атап көрсеткені белгілі. Бүгінде еліміздің білім беру саласында жекеменшік сектордың үлесі артып, бәсекеге қабілетті білім ордаларының қатары көбейіп келеді. Солардың ішінде Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында орналасқан «Gybrat High School» орталығы қысқа уақыт ішінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерді. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 136 ұпа


QS Stars: Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ үздіктер қатарында
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті беделді QS Stars рейтингтік жүйесінде ең жоғары 5 жұлдыздық бағалауға ие болып, халықаралық деңгейде маңызды жетістікке қол жеткізді. Бұл нәтиже университет қызметінің жоғары деңгейде дамығанын және білім беру, ғылым мен институционалдық басқару салаларында әлемдік озық стандарттарға толық сәйкес келетінін айқын дәлелдейді. QS Stars – жоғары оқу орындарын кешенді түрде бағалайтын халықаралық мойындалған жүйе. Ол біл


Автокөліксіз күн: Жетісу университетінде экочеллендж өтті
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында эко-челлендж ұйымдастырды. Акция аясында қызметкерлер жұмысқа жеке автокөліксіз, велосипедпен келді. Акцияның негізгі мақсаты – қалалардағы көлік кептелісін азайту, ауаның тазалығын сақтау, сондай-ақ қызметкерлердің физикалық белсенділігін арттырып, жұмысқа велосипедпен келу мәдениетін қалыптастыру. Іс-шараға университеттің барлық факультет декандары, оқытушылар


Алматыда мектеп оқушылары арасында Республикалық пікірсайыс турнирі өтуде
Алматы қаласында мектеп оқушылар арасында Республикалық пікірсайыс турнирі өтуде. Биыл турнирге 9-11(12)-сынып арасынан қалалық және облыстық кезеңдерде жеңімпаз атанған 180 оқушы қатысуда , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Әр өңірден келген команда құрамы қазақ, орыс және ағылшын лигаларында бақ сынайтын 9 қатысушыдан тұрады. Турнир Дүниежүзілік мектеп пікірсайысы чемпионатының (World Schools Debatin


Күнсұлу Халиди. Еңбек нәтижесі – студенттердің жетістіктерінде
Халиди Күнсұлу Амантайқызы 20 жылын Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде еңбек етуге арнаған өндірістік оқыту шебері. 1991 жылы Қазтұтынуодағы Целиноград кооперативтік колледжін «Бухгалтерлік есеп және шаруашылықты талдау» мамандығы бойынша, 2015 жылы Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетін «Тамақ өнімдерінің технологы» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Үздік педагог – 2023» байқауының жеңімпазы. – Кәсіби жолыңыз туралы айтып өтсеңіз, осы жолда қан


Оқу-ағарту министрлігі «Мен ұсынған 7 кітап» челлендж-эстафетасын жариялады
Сәуір айының 13- 23 аралығында елімізде Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған онкүндік өтуде. Шара аясында Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы баспалар арасында «Мен ұсынған 7 кітап» челлендж-эстафетасын жариялады , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. . Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырма


ҚазҰУ-да Қытай компьютерлік федерациясының филиалы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай компьютерлік федерациясының (CCF) Алматы филиалының салтанатты ашылуы өтті. Жиында ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Марғұлан Ибраимов жобаның маңызына тоқталды. Оның айтуынша, университеттің 100-ден астам оқытушысы мен ғалымы қазірдің өзінде CCF мүшесі атанып үлгерген. Бұл әріптестік отандық мамандардың халықаралық тәжірибе алмасуына және озық технологияларды меңгеруіне кең жол ашады. ҚазҰУ-дың ақп


Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
Бүгін Шымкентте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мәдениет және өнер университетін құру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мегаполиске жұмыс сапары барысында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігіне берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылмақ. Кеңес жұмысына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің,


Қазақстандық колледж студенті XIII Antalya Open Cup халықаралық турнирінің жүлдегері атанды
Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің студенті Ришат Мансуров Түркияның Кемер қаласында өткен муайтайдан XIII Antalya Open Cup халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсетіп , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ришат Мансуров кәсіптік колледждің 2 курс студенті, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алуда. Ол муайтай спортымен 8 жасынан бері


Студенттік бастама және инклюзия: ҚазҰУ-дегі турнир
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үстелүсті спорттық ойындары бойынша ашық чемпионат ұйымдастырылды. Шарада балалар мен ересектер, мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар және бизнес өкілдері бас қосты. Мұндай ауқымды формат қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтып, ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуге бағытталған. Жоба ҚазҰУ инклюзивті ғылыми-тәжірибелік орталығы, «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қ


Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті базасында Орталық Азиядағы алғашқы Қазақстан-қытай аграрлық технологиялар және экспортты дамыту технопаркі құрылады
Ұлттық конференциялар орталығы – Қытай халықаралық білім көрмесі аясында Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары Гүлзат Көбенова бастаған делегация Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің өкілдерімен және Хэнань ауыл шаруашылығы инвестициялық тобының бас директоры Чэнь Хуайань жетекшілік еткен делегациямен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар «Қазақстан-Қытай аграрлық технологиялар және экспортты дамыту технопаркі» жобасын іске асыру бар


Қазақ ұлттық университетінде V халықаралық Фараби форумы: дәстүр мен болашақ тоғысқан нүктесі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі V халықаралық Фараби форумы салтанатты түрде қорытындыланды. Ауқымды жиын Үздік студенттік инновациялық жобалар көрмесімен басталды. Форум ашылуында заманауи технологиялардың мүмкіндігі кеңінен қолданылды. Жиылғандарға жасанды интеллект арқылы жасалған Әбу Наср әл-Фарабидің бейнеролигі көрсетіліп, ұлы ғұламаның өсиеті мен ғылыми мұрасы цифрлық нұсқада қайта жаңғырды. Бұл форумның басты мақсаты – өткеннің асыл қазынасын


Теория мен тәжірибе сабақтастығы: Абай университетінде болашақ мұғалімдер даярлығы талданды
2026 жылғы 10 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты бітіруші курс білім алушыларының қорытынды конференциясы өтті. Ауқымды жиынға педагогикалық мамандықтардың студенттері, өндірістік іс-тәжірибе жетекшілері, орта білім беру ұйымдарының директорлары мен мұғалімдері, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Жиынды Мансап орталығының басшысы Рақымб


Оқу-ағарту министрлігінің : Алматыда мектеп оқушылары арасындағы World Schools Team Championship 2026 турнирінің Азия кезеңі қорытындыланды
Алматы қаласында мектеп оқушылары арасындағы World Schools Team Championship 2026 халықаралық командалық турнирінің Азия кезеңі өз мәресіне жетті. Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) мен Халықаралық мектеп шахматы федерациясының (ISCF) бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылған бұл шараның жабылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. В турнире п


Оқу-ағарту министрлігінің: «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық конкурс қорытындыланды
Елордада 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурс өз мәресіне жетті. Сайысты қорытындылау салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі елордадағы №115 жалпы орта білім беретін «Келешек» мектебінде өтті , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. «Қазақстан Республикасында ғ


Қозыбаев университетінде: Қозыбаев оқулары-2026
Манаш Қозыбаевтың 95 жылдығына орай және Ғылым қызметкерлері күні аясында Қозыбаев университетінде көрнекті қазақстандық ғалым-тарихшы, академик Манаш Қозыбаевтың 95 жылдығына арналған «Қозыбаев оқулары-2026: болашақ экожүйесі,технологиялар мен адам капиталын дамытудың синергиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Алдымен университет ұжымы мен білім алушылар жылдағы дәстүрмен, ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Манаш Қабашұлының рухына та


Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында «Ғылым аллеясы» ашылды
2026 жылғы 10 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті. Аталған іс-шара отандық ғылымның жетістіктерін дәріптеуге, ғылыми қауымдастықтың әлеуетін танытуға бағытталды. Шара аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫНЫҢ» ашылуына орай, ағаш көшеттері отырғызылып , бұл бастама ғылым мен табиғат үндестігінің символына айн


Қозыбаев Университеті Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен халықаралық ынтымақтастығын нығайтады
Оқу орнымызға Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің профессоры, PhD докторы Джанг Джолианг, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында осы ЖОО-ның 6 студенті келді. Профессор Джанг Джолианг ҚР ҒЖБМ еліміздің жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында шақырылды. Сапарының негізгі мақсаты: Агротехнологиялық факультетінің студенттері үшін дәрістер оқу, профессорлық-оқытушылық құрамға арналған семинарлар өткізу, оқ


Ғылым көкжиегі: Жетісу университетінің Horizon бағдарламасындағы халықаралық тәжірибесі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті соңғы бес жыл ішінде Еуропалық Одақ қаржыландыратын Horizon бағдарламасы аясындағы жобаларға белсенді қатысып келеді. Университет бұл жобаларды халықаралық консорциумдар құрамында жүзеге асырады, онда Еуропа, Орталық Азия, Солтүстік Америка және Шығыс Азия елдерінің жоғары оқу орындары, зерттеу орталықтары және серіктес ұйымдары біріктірілген. 2022 жылдан бастап университет Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі ретінде Ce


ҚазҰУ-да Сутегі технологиялары инновациялық орталығы ашылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэннің Қазақстанға ресми сапары аясында маңызды шара өтті. Университет базасында еліміздің энергетика саласы үшін стратегиялық маңызы бар Сутегі технологиялары инновациялық орталығының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Астана мен Алматы қалаларын байланыстырған телекөпірге ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Шанхай мэрі Гун Чжэн және екі елдің ресми делегация өк
bottom of page

