top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert
Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
ҰСТАЗХАНА


Жасанды интеллект технологияларын енгізудің педагогикалық тәжірибесі
Білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңі оқытудың барлық деңгейлерін қамтитын цифрлық трансформация процестерімен тығыз байланысты. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында жасанды интеллект құралдарын педагогикалық тәжірибеге енгізу ерекше өзектілікке ие болып отыр, бұл білім беру сапасын арттыруға, оқытуды дараландыруға және білім алушылардың ХХІ ғасырдың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.


Мектепке дейінгі ұйымдардағы буллингтің теориялық негіздері мен түсінігі
Соңғы жылдары буллинг мәселесі білім беру жүйесінде, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту деңгейінде ерекше өзектілікке ие болып отыр. Мектепке дейінгі ұжымдардағы қорлау көріністері мектептегіге қарағанда жиі айқын және жүйелі бола бермейді, бірақ олардың баланың эмоционалдық әл-ауқаты мен әлеуметтік дамуына әсері айтарлықтай. Агрессияның, қабылдамаудың немесе әлеуметтік оқшауланудың ерте тәжірибесі тұлғааралық қарым-қатынастың тұрақты жағымсыз үлгілерін бекітуі


Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын зерделеу арқылы патриоттық тәрбие беру
Патриотизм ұғымы көпқырлы. Бұл – өз елінің мәдениетіне деген құрмет, қоршаған әлеммен ажырамас байланыс сезімі, өз халқы мен Отаны үшін мақтаныш. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу – күрделі және ұзақ процесс. Мектепке дейінгі жас – тұлғаның қалыптасу кезеңі, дәл осы уақытта Отанға деген сүйіспеншілік сияқты жоғары адамгершілік сезімдер қаланады.


«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын тәжірибеге енгізу қадамдары
Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі алпауыт жаһандану дәуірінде кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниелер - сол ұлттың төл тарихы, ана тілі, мәдениеті мен ұлттық құндылығы екені анық. Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын - оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері болып табылады.


Жаңа мектептің алғашқы оқу жылындағы әдістемелік ізденістері мен жетістіктері
Цифрлық технологиялардың дамуы және жасанды интеллект құралдарының таралуы жағдайында білім беру нәтижелеріне қойылатын талаптар мектепті басқару мен оқыту тәсілдерін жаңаша құруға міндеттейді. Жаңадан ашылған мектептің алдында екі маңызды міндет тұр: сапалы білім беру процесін қалыптастыру және оны үздіксіз жетілдіруге қабілетті кәсіби орта құру. Бұл істе педагог тұлғасының рөлі ерекше, мұны көрнекті қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсынов та атап өткен: «Мұғалім қандай болса, ме


Қазіргі заманғы балалар әдебиетінің ерекшеліктері және оны білім беру үдерісінде интеграциялау
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы балалардың қабылдау ерекшеліктерін өзгертті. Қазіргі заманғы балалар әдебиеті тек тәрбиелеумен ғана емес, баланың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектін және эстетикалық талғамын қалыптастырумен де айналысады. Сондықтан дәстүрлі классикалық шығармалармен қатар оқу бағдарламасына қазіргі заманғы авторлардың туындылары енгізіледі.


Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сандық сторителлинг және бейне-блогинг технологиялары
Қазіргі қоғамның толық сандықтануы мектепке дейінгі білім беру парадигмасын түбегейлі өзгертіп отыр. Жаһандық ақпараттандыру дәуірінде туған балалар ерте жастан медиаортаға белсенді түрде тартылуда. Он жыл бұрын тиімді болған дәстүрлі дидактикалық құралдар мен тәрбиелеу әдістері бүгінде тәрбиеленушілердің жаңа танымдық ерекшеліктеріне бейімделуді және айтарлықтай жаңғыртуды талап етеді.


Балабақша жетістігі – сапалы білім берудің көрсеткіші
Жақсы балабақша бүгін — ата-аналар жұмыста болғанда балаларды «сақтау камерасы» емес, нағыз ерте даму академиясы. Біздің балабақшада күн сайын сиқыр болады — тәрбиеленушілеріміз қадам басып әлемді танып, алғашқы жеңістеріне жетеді. Балабақшаның жетістігі тек оқу-тәрбие процесімен шектелмейді, ол балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін ашу және педагогтердің кәсіби дамуы арқылы да көрінеді.


Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін тәжірибелік-зерттеу қызметі арқылы қалыптастыру
Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселелердің бірі – жан-жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Еліміздің болашағы – бүгінгі кішкентай бүлдіршіндер. Осы балалардың білім алуға деген танымдық қабілеттері мен белсенділігін арттырып, қалыптастыру – педагогтердің міндеті, яғни тәрбиеші ретінде біздің де тікелей міндетіміз. Жалпы, танымдық қызығушылық, танымдық белсенділік дегеніміз не? Танымдық белсенділік – бұл баланың жаңа білімді меңгеруге


Ұлттық тәрбие мен заманауи педагогикалық технологияларды үйлестіру
Мектепке дейінгі білім беру ұлттық тәрбиенің және тұлғаның рухани дамуының негізін қалайды. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында» білім беру мазмұнына ұлттық құндылықтарды, мәдени дәстүрлерді және отбасылық тәрбиені енгізу қажеттілігі ерекше атап көрсетілген.


Тәлімгерлік жас басшының мектепке дейінгі ұйымда кәсіби қалыптасуының факторы ретінде
Мектепке дейінгі ұйым әрқашан көпміндеттілік жағдайында жұмыс істейді, өйткені білім беру және тәрбие қызметімен қатар бұл әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және әкімшілік-шаруашылық жұмыстар да бар. Меңгеруші білім беру процесінің сапасына, нормативтік талаптардың сақталуына және ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға жауапты.Жас басшы жұмысының алғашқы айларында жедел шешімдерді талап ететін көптеген басқарушылық міндеттерге тап болады.


АБАЙ АМАНАТЫ: Астана қаласындағы № 27 «Балауса» балабақшасындағы эксперименттік алаң тәжірибесі
Одна из важных задач, стоящих перед современным обществом, – воспитание поколения, впитавшего национальные ценности, духовно богатого и высоконравственного. Реализация этой задачи должна начинаться с дошкольного этапа. Произведения великого мыслителя Абая Кунанбаева являются неиссякаемым источником воспитания детей в духе трудолюбия, стремления к знаниям, добродетели и честности.
bottom of page











