top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Білім саласының басшылары ҚазҰУ филиалын аралады
Омбы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалына Омбы облысының ғылым, жоғары білім және ғылыми-технологиялық даму министрі Александр Кольцов, ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дәурен Абаев, Ф. М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің ректоры Иван Кротт, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев арнайы барды. Филиал 2024 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Пр


Қазақстанда Network School алғашқы кампусын ашу жоспарлануда
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен жаһандық Network School бастамасы жасанды интеллект, инновациялар, технологиялық кәсіпкерлік және адами капиталды дамыту саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Network School бүкіл әлемнен кәсіпкерлерді, инженерлерді, зерттеушілер мен инвесторларды біріктіреді, ал оның негізін қалаушы Баладжи Шринивасан - Кремний алқабының ең танымал технологиялық кәсіпк


Anhalt International University: мемлекеттік білім беру грантына құжаттар 10 тамызға дейін қабылданады
Қазақстандық талапкерлер Anhalt International University-ге мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға түсуге қосымша мүмкіндік алды. Құжат қабылдау мерзімі 2026 жылғы 10 тамызға дейін ұзартылды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Anhalt International University – Алматы қаласында орналасқан Германиядағы Hochschule Anhalt қолданбалы ғылымдар университетінің филиалы. Студенттер Қазақстанда б


Балабақшадан басталған қаржылық сауаттылық
Қоғам дамуының қазіргі кезеңі әлеуметтік бейімделген тұлғаны қалыптастыруға жоғары талаптар қояды. Әлеуметтендірудің маңызды қырларының бірі — негізін мектепке дейінгі жастан бастап қалау қажет қаржылық мәдениет. Бұл мәселеде біржолғы акциялармен шектелуге болмайды, сондықтан Астана қаласының № 58 «Өркен» балабақшасының тәрбиешілері балаларға ақшаның мәнін, оның шығу тегі мен функцияларын түсіндіретін, сондай-ақ үнемшілдік, жоспарлау және саналы таңдау жасау дағдыларын қалып


Қазақстан колледждеріне дене шынықтыру-сауықтыру және спорт нысандарын жалға беру құқығы берілді
Қазақстан колледждеріне білім беру процесінен тыс уақытта дене шынықтыру-сауықтыру және спорт нысандарын жалға беру құқығы берілді, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Тиісті өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында «Білім туралы» Заңға енгізілді. Осыған дейін мұндай мүмкінді


Алматыдағы мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығы қалай шешіліп жатыр?
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен қаладағы оқушы орындарының тапшылығын жою және білім беру инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылуына арналған жұмыс кеңесі өтті. 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша Алматыдағы 360 мектепте 357 225 оқушы білім алды. Қазіргі таңда қалада 29 735 оқушы орнына қажеттілік бар. Әсіресе, Әуезов, Алатау және Бостандық аудандарында тапшылық көптеп байқалады. Жүктеменің артуына мектеп жасындағы балалар санының к


«Болашақ ойындары 2026»: Қазақстаннан кімдер қатысады?
Астана 29 шілде мен 9 тамыз аралығында әлемдік фиджитал спорттың орталығына айналады. Ел астанасы дәстүрлі спорт пен киберспортты ұштастыратын халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирін қабылдайды. 12 күн бойы әлемнің 50 елінен келген 800-ден астам спортшы мен клуб 8 дисциплина бойынша жалпы жүлде қоры 4,75 миллион АҚШ долларын құрайтын бәйгеде бақ сынайды. Қазақстан атынан өз алаңында өтетін турнирге ұлттық іріктеуден өткен 11 команда қатысады. Олар әлемді


С. Сейфуллин университеті органикалық өнім өндіретін жаңа цехты іске қосты
2026 жылғы 23 шілдеде Ақмола облысы Шортанды ауданының Научный кентіндегі А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің органикалық өнім өндіретін жаңа цехының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа өндірістік нысанның ашылуына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Асанов, Ақмола обл


Қазақстан QS Best Student Cities рейтингінде Орталық Азиядағы көшбасшылығын растады
Алматы мен Астана халықаралық QS Best Student Cities 2027 рейтингіндегі өз позицияларын жақсартып, Қазақстанның өңірлік жоғары білім беру орталығы ретіндегі тартымдылығының артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Алматы бірден 13 сатыға көтеріліп, әлемде 78-орынға ие болды. Бұл – Қазақстан қалаларының рейтингке қатысу тарихындағы ең жоғары нәтиже және


Балабақшадағы этнопедагогика
Қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтарды қалай сақтап, оны өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына қалай дарытуға болады? Балалардың бойында үздік адамгершілік қасиеттерді дамытуға не негіз бола алады? Бұған халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәрбие тәжірибесі негіз болуы тиіс. Балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу процесінде этнопедагогика элементтерін пайдалану бүгінгі күні бала тұлғасын қалыптастырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Этнопедагогика – бұл белгілі б


Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада IMO алты медаль жеңіп алды
2026 жылғы 13-21 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (International Mathematical Olympiad, IMO) өтті. Әлемдегі ең беделді әрі ең көне зияткерлік білім жарыстарының біріне 117 мемлекеттен 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Күміс медаль иегерлері: Тимур Мұрат - Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің делегациясы «Сириус» федералдық аумағына жұмыс сапарымен барды
Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері «Сириус» федералдық аумағындағы мектептік білім беруді ұйымдастырудың озық тәжірибесімен танысты. Жұмыс сапары барысында дарынды балаларды ерте анықтау және қолдау, педагогтерді даярлау, оқушылардың зерттеу қызметін дамыту және заманауи білім беру технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. . Сапардың негізгі тақырыптары


ҚАТЗУ ғалымдары Jańa Dala / Green Day 2026 халықаралық көрмесіне қатысты
Ақмола облысы Целиноград ауданының Нұресіл ауылында өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы Қазақстандағы ең ірі салалық іс-шаралардың бірі – «Қазақстандық Jańa Dala / Green Day ’2026 Дала күні» мамандандырылған халықаралық көрмесі өтті. Jana Dala / Green Day 2026 көрмесі – заманауи ауыл шаруашылығы технологияларын, селекциялық жетістіктерді, жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ ветеринария және органикалық егіншілік салаларындағы инновациялық әзірлемелерді т


Саясат Нұрбек Elsevier директорлар кеңесінің төрағасы Ёнсук Чимен кездесті
22 шілде күні, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек KAIST-тің құрметті профессоры, Elsevier директорлар кеңесінің төрағасы және RELX Group компаниясының корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры Ёнсук Чимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ғылыми инфрақұрылымды нығайту, қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми-талдамалық деректер базаларына қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Ми


Алматыдағы білім берудің цифрлық трансформациясы
Ақпараттық технологиялардың, цифрлық платформалардың және жасанды интеллект құралдарының дамуы білім беру процесін ұйымдастыру тәсілдерін айтарлықтай өзгертуде. Бүгінгі таңда мұғалім тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар заманауи технологиялар, интерактивті сервистер мен оқытуды қолдаудың зияткерлік жүйелері қолданылатын цифрлық білім беру ортасын ұйымдастырушы ретінде де әрекет етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту және


Білім беру гранттарын тағайындауға құжаттар қабылдау аяқталды
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық. 2025 жылы конкурсқа қатысу үшін 113 мың өтініш қабылданған болатын. Естеріңізге салсақ, биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі (60%) инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20% – педагогикалық мамандықтарға, 20% – басқа салаларға еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып берілді. Соңғы


Қазақстанда автокөлік өнеркәсібіне арналған жаңа мамандықтар атласының жаңартылған нұсқалары әзірленді
Қазақстанда жаңа кәсіптер мен құзыреттердің 9 салалық және 20 өңірлік атласы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Министр атап өткендей «Машина жасау» және «Көлік және логистика» салалық атластары, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарының өңірлік атластары машина жасау саласын тікелей қамтиды. Нәтижесінде 31 жаңа мамандық қалыптасып, 22 қолданыстағы мамандық трансформацияланады. Соның негізінде жоғары оқу о


Түркістан облысында «Ясауи керуені» жобасы басталды
Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын зерделеу мен кеңінен насихаттау мақсатында «Ясауи керуені» ғылыми-ағартушылық семинары өтті. . Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен тағылымын елімізде және халықаралық деңгейде кеңінен дәріптеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында қолға алынды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, мәдениет қайраткерлері, жастар және бұқаралық ақпарат құрал


Қазақстанда креативті индустрияға жататын қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустрияны дамыту және саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде креативті индустрияға кіретін экономикалық қызмет түрлерінің (ЭҚЖЖ) саны 43-тен 53-ке де


Қазақстандық оқушылар халықаралық экономика олимпиадасында IEO бес медаль жеңіп алды
Қытай Халық Республикасының Сучжоу қаласында 12-20 шілде аралығында өткен экономикадан халықаралық олимпиадада (International Economics Olympiad, IEO 2026) қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Әлемнің 61 елінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысқан беделді білім додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын, үш күміс және бір қола медаль түсті: Мұхтархан Батырхан - Астана қаласы Нұра ауданында
bottom of page



