top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert
Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Kozybayev University: денсаулық туралы қамқорлық мәдениетін қалыптастыру
Kozybayev University базасында жастар арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алуға бағытталған Young Health Programme (YHP) халықаралық бағдарламасы іске қосылды. Қазақстан AstraZeneca компаниясының бастамасын жүзеге асыратын елдердің қатарына қосылды. Ал университет елімізде аталған бағдарлама жүзеге асырылатын алғашқы жоғары оқу орны болды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Қазақстан мен Эстония ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
5-9 қазан аралығында Қазақстанда өтіп жатқан Еуропалық комиссияның TAIEX сараптамалық миссиясы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Эстония Экономика және коммуникациялар министрлігінің өкілдерімен кездесті. Миссия ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Еуропалық комиссия арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды


Жетісу университетіндегі Марке политехникалық университетінің филиалы: халықаралық білім мен өңірлік дамудың жаңа бағыты
Жетісу облысындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті – өңірдегі жетекші ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің білім беру бағдарламалары, ғылыми және инновациялық қызметі, ең алдымен, Жетісу облысының аграрлық-индустриялық мамандануын ескере отырып, өңірдің қажеттіліктеріне бағытталған. Сонымен қатар, университет құқық, педагогикалық білім беру, ақпараттық технологиялар, экономика және туризм салаларында кадрлар даярлауды жүзеге асырып, ғылыми зерттеулерді дамыта


Ұлттық тәрбие мен заманауи педагогикалық технологияларды үйлестіру
Мектепке дейінгі білім беру ұлттық тәрбиенің және тұлғаның рухани дамуының негізін қалайды. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында» білім беру мазмұнына ұлттық құндылықтарды, мәдени дәстүрлерді және отбасылық тәрбиені енгізу қажеттілігі ерекше атап көрсетілген.


Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті
Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Жиембет жырау: тарихи тұлға және рухани мұра» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында жыраудың қазақ тарихындағы орны, әдеби мұрасы және шығармаларын зерттеу мәселелері талқыланды.
Конференцияны Атырау облысы әкімдігі, Атырау университеті, «Жиембет жырау» қоғамдық қоры және Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми-зерттеу институты бірлесіп ұйымдасты


Қазақстан жаһандық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтып келеді
Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің халықаралық ықпалдастығын кеңейтіп, жаһандық білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтып келеді. Бүгінде елімізде 33 шетелдік университеттің филиалы жұмыс істейді, ал қазақстандық жоғары оқу орындары 24 елдің 131 университетімен қос диплом бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да EPU және Erasmus+ сарапшылары бас қосты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Eurasia-Pacific Uninet (EPU) желісінің пленарлық отырысы және Erasmus+ бағдарламасы аясындағы ынтымақтастыққа арналған семинар өтті. Ауқымды шараға Қазақстан, Австрия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Үндістан жоғары оқу орындарының басшылары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйым өкілдері, белгілі ғалымдар мен білім беру жобаларының үйлестірушілері қатысты.


Түркістанда кітап талқылауға арналған жаңа әдеби алаң ашылды
Түркістанда Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» бастамасын қолдау мақсатында жаңа әдеби алаңда «Бірге оқимыз, бірге ойлаймыз!» атты кездесу өтті, «Замануи білім беру» журналы Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды


Саясат Нұрбек Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасымен кездесті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы Хүсейін Караманмен кездесті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


AUEZOV UNIVERSITY: «Тарих және педагогика» және «Аграрлық» факультеттерінің оқу-ғылыми әлеуеті
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген №9 оқу ғимаратындағы сабақ үдерісінің ұйымдастырылуымен және материалдық-техникалық базаның жай-күйімен танысты. Нысанды аралау барысында университет басшысы «Тарих және педагогика» және «Аграрлық» факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.


Азаматтық авиация академиясы: болашақ туралы ашық диалог
Азаматтық авиация академиясында студенттердің Қазақстан Авиация әкімшілігінің Бас атқарушы директоры – Басқарма төрағасы Майкл Юджин Дэниелмен кездесуі өтті. Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, студенттерге өздерін қызықтырған сұрақтарды тікелей қоюға, сондай-ақ Қазақстан азаматтық авиациясының өзекті үрдістері мен болашағын талқылауға мүмкіндік берді.


Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына әйелдердің білім мен ғылымға қатысуын кеңейту бойынша нәтижелерін таныстырды
Женевада Қазақстан делегациясы мен БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеті арасында Қазақстан Республикасының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны орындау жөніндегі алтыншы мерзімді баяндамасын қарау аясында сындарлы диалог өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Kozybayev University-де Директорлар кеңесінің отырысы өтті
Маңызды мәселелердің бірі ретінде университеттің ұйымдық құрылымын жаңарту қарастырылды. Білім алушылар контингентінің артуы мен жаңа білім беру бағыттарының дамуы кадрлық әлеуетті сәйкесінше күшейтуді қажет етеді.
Осыған орай Директорлар кеңесі профессорлық-оқытушылық құрамның штаттық санын көбейтуді қолдады.


Трансшекаралық диалог: ҚазҰУ-дың шетелдік филиалдары және Алматыдағы әлемдік ғылыми алпауыттар
Заманауи зерттеу университетін кең халықаралық академиялық желісіз елестету мүмкін емес. Сондықтан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуының стратегиялық бағыттарының бірі халықаралық білім беру және ғылыми алаңдарды қалыптастыру болды. Университет 7 мыңнан астам шетелдік студентті оқытумен және Алматыда қуатты халықаралық орталықтарды дамытумен қатар, жинақталған бай білім беру және ғылыми тәжірибесін экспорттай отырып, Қазақстаннан тыс жерлерде де өзінің академиялық қатысуын кеңейт


С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-да студенттердің QazaqGaz өкілдерімен кездесуі өтті
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде студенттердің QazaqGaz компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара жұмысқа орналасу мәселелеріне және сұранысқа ие техникалық мамандықтарға арналды.


Абай университеті мектептерді жасанды интеллект құралдарына оқытады
Ұлттық орта білім беру жүйесі Мұғалімдер күнінде педагогикалық кадрларды даярлаудағы көшбасшылардың бірі — Абай университеті үшін жағымды жаңалықты атап өтті. Университет оқытушы-профессорлар құрамы дайындаған бағдарламалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің реестріне енгізілді. Бұл қара шаңырақтың жасанды интеллект, «Ai-Sana», цифрландыру бағытарында сапалы жұмыс істеп отырғанын айғақтайды.


Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық: Ғылым министрі Ақ үйдің OSTP директорымен кездесті
В Киото в рамках 23-го ежегодного форума Science and Technology in Society (STS Forum) состоялась двусторонняя встреча министра науки и высшего образования РК Саясат Нурбек с директором Управления по научно-технической политике Белого дома (OSTP) Майклом Крациосом, передает журнал «Современное образование» со ссылкой на пресс-службу МНВО РК.


Тәлімгерлік жас басшының мектепке дейінгі ұйымда кәсіби қалыптасуының факторы ретінде
Мектепке дейінгі ұйым әрқашан көпміндеттілік жағдайында жұмыс істейді, өйткені білім беру және тәрбие қызметімен қатар бұл әдістемелік, кадрлық, қаржылық-экономикалық және әкімшілік-шаруашылық жұмыстар да бар. Меңгеруші білім беру процесінің сапасына, нормативтік талаптардың сақталуына және ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға жауапты.Жас басшы жұмысының алғашқы айларында жедел шешімдерді талап ететін көптеген басқарушылық міндеттерге тап болады.


«Каспий ойындары – 2026»: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті командасының жетістіктері
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті студенттері Ақтау қаласында өтіп жатқан VIII Халықаралық «Каспий ойындары – 2026» жарысында өнер көрсетіп жатыр. «Каспий ойындары» – Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы спорттық байланысты нығайтып, студенттердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін халықаралық жарыс.


Қазақстан мен Қытай арасындағы техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) саласындағы ынтымақтастықты тереңдету
29 қыркүйекте Пекин маңында орналасқан Чанпин кәсіптік мектебінде Кәсіптік білім беруді инновациялық дамытудың Қытай-Қазақстан альянсын құруға арналған конференция және Екі елдің өнеркәсіп пен білім интеграциясын дамыту форумы өтті. Осы жылдың көктемінде Теміртау жоғары политехникалық колледжінде Альянсты құру туралы меморандумға қол қойылды. Оны құрушылар ретінде осы колледж және Пекиндегі Чанпин кәсіптік училищесі бастамашы болды. Ұйымның құрамына Қазақстан Республикасының
bottom of page




